Қақпашы – Айбек Қабылша (Хабар)
Журналистер кубогының екі дүркін иегері Хабар командасы 1/8 финалда бірден Астана телеарнасымен кездескен. Тартысты ойын бола ма деп күтіп едік, бірақ 25 жылдығын тойлап жатқан арнаның жігіттері еш мүмкіндік бермеді. Оны таблодағы есептен де байқауға болады. Хабардың ірі есеппен жеңіп, қақпасын құрғақ ұстауы бірінші кезекте қақпашы Айбек Қабылшаға да байланысты болды. Сондықтан таңдаулы құрамға осы қақпашыны лайық деп таптық.
Қорғаушылар – Дәурен БЕРІКҚАЖЫ (Foliant), Арай ІЗБАЙ (NGQ)
Қорғаныс шебін Дәурен Берікқажы мен Арай Ізбай құрады. Бұл екі қорғаушы негізі бір кездері бір командада ойнаған.
Мамзұндамамен ойында Foliant командасы 0:2 есебімен жеңіліп жатқан. Сол кезде ойын тізгінін өз қолына алған дебюттандардың капитаны алдымен есеп айырмасын қысқартты, сосын пенальти сериясында да мүлт кетпеді. Ең бастысы, командасын жігерлендіріп, көшбасшылық қасиетін байқатты.
Қазмедиамен бір аптада екі рет кездесу өткізген NGQ екі матчта да тең түсті. Кубокта пенальтиден жолдары болып, ширек финалға жолдама алды. Қазмедианың үздік шабуылшысы Құмарбек Азаттың екі матчта 1 гол соға алмауына бірініш кезекте NGQ қорғаушылары себепкер. Әсіресе, Арай Ізбай Құмарбекті тұсаулап ұстады десе де болады.
Шабуылшылар –Марат ТУКАТОВ (Хабар-24), Нұрмұхамед БАЙСҮГІРОВ (Qazsport)
Журналистер кубогының 1/8 финалында хет-трик жасаған екі шабуылшы таңдаулы құрамамызға еніп отыр.
Марат Тукатов Kazaknews қақпасына, Нұрмұхамед Байсүгіров Qsport.kz командасына үш голдан соққан болатын. Екеуі де жалпы голдан бөлек, жақсы ойындарымен көзге түсті.
Резерв
Қақпашы – Әнуар ҚҰРМАНБАЕВ (NGQ)
Қорғаушылар – Бақытжан МАСАҚОВ (Хабар), Рауан ОМАРХАН (Хабар-24)
Шабуылшылар – Мәди ЫСҚАҚОВ (Metaratings.kz), Дастан ҚАШКЕНОВ (ДИик МО РК).