Qazaq radiolary мен Qsport.kz арасындағы ойын 6:3 есебімен аяқталды. Осы ретте Qsport.kz капитаны Qazaq radiolary командасын биыл да чемпиондыққа таласады деп отыр.
Qazaq radiolary – әдеттегідей БАҚ лиганың басты фавориттерінің бірі. Биыл да солай. Баптары жақсы, жаңадан ойыншылар қосқан. Бірінші орынға таласатын командалар қатарынан деп баға беремін, – дейді ол.
Qsport.kz – журналистер біріншілігінде осымен үшінші маусым қатарынан өнер көрсетіп жатыр. Бұған дейін олар В лигасында өнер көрсеткен. Қазіргі кезде 15 команда толыққанды бір чемпионатқа біріктірілді.
Ал команда жетекшісі Жандос Қонысбаев жақында әлеуметтік желідегі парақшасында командасы туралы былай жазған еді:
BAQ league-ға командамызды қостық. Екі маусым ойнадық. Енді үшінші маусым басталды. Бар-жоғы екі жылдың ішінде журналисттердің арасынан бір-ақ шықтық. Енді спорт жаңалықтарына арналған сайттың Qsport.kz спорт порталы футбол командасы бар. Тартыспай беріспейтін, ел алдында жүрген жігіттерден жасақталған командамыз бар. Арнайы бізді дайындайтын бапкеріміз бар – Назар Найзабекұлы. Ең бастысы – команданың аурасы ұнайды. Жігіттердің мінездері жақсы. Өзіме қатты ұнайды. Арасында жүріп дем аласың, -дейді Жандос Қонысбаев.