Қақпашы – Кирилл ПЯРТЕЛЬ (Астана ТВ)
Шыны керек, екінші турда ерекше көзге түскен қақпашы болмады. Әр қақпашының аз-кем қателіктері бар. Сондықтан өз қақпасын құрғақ ұстаған екі қақпашыны қосуды жөн көрдік. Біреуін негізгі құрамға, екіншісін резервке алдық. Олар: Кирилл Пяртель (Астана) мен Мансұр Сыздықбаев (Қазмедиа).
Фолиант ойыншылары Қазмедиа қақпасына аса қатты қауіп төндірген жоқ. Сондықтан Мансұрмен салыстырғанда негізгі құрамға Кирилл лайықты деп шештік.
Қорғаушылар – Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ (Qazaq radiolary), Елтай НҰРҒАЗИН (Мазмұндама).
Qazaq radiolary мен Qsport.kz командалары арасындағы ойында екі командада да санаулы ойыншымен келіпті. Қосалқы құрамда бір ойыншыдан ғана отырды. Сондай кезде өкпесі өшпей, 40 минут жүгіріп әрі покер жасаған Назар Найзабекұлы болды. Ол алда да, артта да белсенді ойнады. Сөйтіп, екінші тур қатарынан таңдаулы құрамға еніп отыр.
Сол секілді осыған дейін Елорда-ақпараттың» капитаны болған Елтай Нұрғазин де жаңа командасы сапында негізгі құрамнан ойып орын алған. Ол екінші турда қорғаныста жүріп-ақ жойқын соққыларымен Metarating.kz қақпасына хет-трик жасады.
Шабуылшылар – Ержан ҚАЙЫРҒАЛИЕВ (Астана ТВ), Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа)
Aikyn-Литермен кездесуде «Астананың» басында ойыны жүрмей жатқан. 10-нөмірлі Ержан Қайырғалиевтің алаңға шығуымен, телерна жігіттері Әділ Сәтпаев қақпасына жиі шабуылдаумен болды. «Нұр-Медиа» холдингінің кішігірім дербиінде Қайырғалиев хет-триктің авторы атанды.
Ал Құмарбек Азатты екінші турда тоқтату мүмкін болмады. Ол маусымның дебютанты «Фолиант» командасын аяған жоқ. Бір өзі 7 гол соғып, екінші тур қатарынан таңдаулы құрамға еніп отыр.
Резерв
Қақпашы – Мансұр СЫЗДЫҚБАЕВ (Қазмедиа)
Қорғаушылар – БАҚЫТЖАН МАСАҚОВ (Хабар), Нұрахмет БЕКТҰРҒАНОВ (Хабар-24)
Шабуылшылар – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (ДИК МО РК), Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар)
BAQ League-нің хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
BAQ league сегізінші маусымының серіктестері:
«Хабар» агенттігі, «Waурма» жылдам тағамдар желісі, «ASSYLTAS» қоғамдық қоры, «Turan» суы, «Life football» спорттық дүкені.