Үш команда ғана 100 пайыздық көрсеткішпен келеді

0
442
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

ДИИК МО РК – NGQ – 7:1

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бірінші турда жеңіске жеткенімен, ойындарында әлі де шикілік бар екендігі байқалған. Бұл жолы олар NGQ командасымен кездесті. Қызық болғанда ойынның басында-ақ «табиғат жыршылары» есепте алға шығады. Айып соққысынан кейін Арай Ізбай көзге түсті. Бірақ одан кейін голдың бәрін «әскери» жігіттер соқты. Өткен турға қатыса алмаған Алмас Зиятов және тағы бір голедор  Әлішер Келгенбай дубльден жасады. Сосын Николай Кружальский, Олжас Күлтешов, Нұрлан Тұраповтар бір-бір голды өз аттарына жазды.

ХАБАР – QAZSPORT  – 4:2

Екінші турдың орталық ойыны деп саналған телеарна командаларының кездесуі әжептәуір тартысты өтті. Qasport бұл матчқа алдынғы кездесуге қатыспаған ойыншыларының бәрін жинаған. Қарағандыдан айтыскер-ақын Нұрмұхамед Байсүгіров те келіпті.

Ал Хабарға өткен турда болмаған Бимұхамед Букеев қосылды.

Ойынға тоқталатын болсақ, есепті Qasport сапынан Едіге Ержан ашты. Бұдан кейін де спорт арнасының есепті ұлғайтатын мүмкіндігі болған. Әсіресе, Байсүгіров екінші голды соққанда ойын бәлкім басқаша сценариймен өтер ме еді? Футболда «сен соқпасаң, саған соғады» деген қағида бар. Сол жүзеге асты. Одан кейін Хабар өз дегенін істеді. Үзіліске дейін-ақ үш гол соқты.

Екінші таймда екі команда бір-бір голдан алмасты. Қорытынды есеп 4:2.

AIQYN-ЛИТЕР – АСТАНА ТВ – 0:4

Бірінші турдан кейінгі жеңістен соң, AIQYN-ЛИТЕР жігіттері өз-өздеріне келе алмай жүрді. Бірақ бұл жолы Астана командасына шамалары жетпеді. Әсіресе, Ержан Қайырғалев мүмкіндіктерін мүлт жібермеді. Ол бұл матчта хет-трик жасады. Бір голды Төреби Нұрланов кіргізді.

MAZMUNDAMA – METARATINGS.KZ – 5:3

«Аутсайдерлер дербиі». Жалпы бұл екі команда бір-бірінен ұтылғанды ұнатпайды. Өйткені кезінде бір командадан екіге бөлінген. Сондықтан болар бұл ойында екі ұжым да аянып қалмады.

Матчтың басында Мазмұндама капитаны  Еркін Шәкір 100 пайыздық мүмкіндігін пайдалана алмаған еді. Есесіне,  келесі шабуылдың бірінде Metaratings.kz капитаны Нұркен Тоқмурзин ондай қателікке жол бермей, есепті ашты.

Бұдан кейін Елтай Нұрғазиннің бенефисі болды. Оның тепкен добы қақпаға кіріп жатты. Metaratings.kz қақпасын күзеткен Арман Ақшабаев та жоқ жерден қателіктер жасап, Елтайдың соққыларын тойтара алмады.

Айтпақшы,спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің 32 жасқа толған туған күнінде гол соққанымен, командасы жеңіске жете алмады. Қорытынды есеп – 5:3. Мазмұндама маусымдағы алғашқы 3 ұпайға қол жеткізді.

QAZMEDIA – FOlIANT – 11:0

Бақ лиганың дебютаны FOlIANT командасы бірінші турда демалған болатын.  Екінші турда оларды Qazmedia күтіп тұрды. Негізінен +33-терден құралған команда жастарға төтеп бере алмады.

Әсіресе, Құмарбек Азатты тоқтату мүмкін болмады. Ол бір өзі 6 гол соқты.  Сөйтіп, сұрмергендер көшінде алға шықты. Соңғы жылдары Әлішер Келгенбай, Нұрсұлтан Қабылбектерге соққан голдарынан саны жағынан есе жіберіп жүрген Құмарбек биыл бел шешіп кіріскен секілді.

ХАБАР 24 – ЕУРАЗИЯ+ОРТ – 2:1

«Жалғыз Жандос команда емес». ЕУРАЗИЯ+ОРТ командасында Жандос Манашевті алаңда түсінетін ешкім болмады. Әйтпесе ұзақ уақыт олар Хабар 24-ті ұтып тұрған.  Сосын Нұрахмет Бектұрғанов белсеніп, командасына үш ұпай сыйлады. Ол бұл матчта екі гол соқты.

QAZAQ RADIOlARY– QSPORT.KZ – 6:3

Екі команда сапында да 6 ойыншы келген. Қосалқы құрамда бір адам ғана отырды. Бірақ жігіттер шаршаса да шыдап, 40 минут ойнап жүрді. Qsport-тың осал тұсын жақсы білетін Назар Найзабеков покер жасаса, Бекнұр Нұрмағанбет пен Қайыржан Салыбаев бір-бір голдан соқты.

Qsport-тан Ержан Қожабеков дубльдің авторы атанды. Бір гол Азамат Смағұловқа тиесілі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here