Ермұхамед Мәулен сегіз маусымда 7 команда ауыстырды

0
280
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Жалпы, Ермұхамед лигада жиі команда ауыстыратындардың көшін бастап тұр. Ол 2016 жылдан бері мына командаларда ойнап шыққан:

1.Қазақ ТВ

2.Қазақстан

3.Егемен Қазақстан

4.Қаламгер

5.ДИАП-Қазақстан

6.Qsport.kz

7.Metaratings.

Ол бұған дейін біздің тілшіге берген сұхбатында неліктен жиі команда ауыстыратыны туралы айтқаны бар еді:

Негізі, журналистикада бір қағида бар ғой. Журналист деген бір орында отырып қалмау қажет. Әр редакцияның көзқарасы бөлек. Ақпаратты бере білуде өзгешеліктер болады. Соның барлығын үйрену үшін қызмет ауыстырып тұрған жақсы. Футболда да солай. Команданы жиі ауыстырып тұрғанның да өз пайдасы бар. Жаңа әріптестермен араласып, жаңа сезімдерді бастан кешіп отыру үшін команда ауыстырып тұрғанды жөн көремін, – дейді Ермұхамед.

Сенбі күні  32 жасқа толатын комментатор жаңа маусымдағы алғашқы ойынында Aiqyn-Литер қақпасына бір гол соқты.

Биылғы лига өтіп жатқан «Аспан» спорт кешені қатты ұнады. Коронавирустен кейін BAQ league-нің жаңа тынысы ашылғандай. Өзім бір гол соқтым. Оған қуанып тұрған жоқпын. Өйткені командамыз жеңіліп қалды. Негізі Aiqyn-Литер командасын айқын ұтамыз деп шыққанбыз. Жалпы, кез келген жерде солай болады ғой. «Барселона» мен «Реал» да бірінші турдан есе жіберіп жатады. Бірінші тур психологиялық тұрғыдан қиын, – дейді ол.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here