Бірінші турдың таңдаулы құрамы түзілді

0
485
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Асхат ОМАРОВ (Kazaknews.kz)

BAQ League-нің сегізінші маусымының бірінші турында Kazaknews.kz командасы ол Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен 0:4 есебімен жеңілді. Бірақ соған қарамастан бұл ойында Kazaknews.kz жігіттерге көп мақтау айтылды. Өйткені олар матчтың алғашқы 25 минутына дейін 0:0 есебімен ойнады. Бұл бірінші кезекте қақпада тұрған Асхат Омаровтың еңбегі екені түсінікті. . Әлішер Келгенбай, Николай Кружальский секілді шабуылшылардың соққыларына төтеп берді.

Бұл турда «Хабар» қақпашысы Айбек Қабылша мен ДИК МО РК командасының қақпашысы Риат Шони гол жіберген жоқ. Бірақ олардың қарсыластарының ұйымдастырған шабуылдарымен салыстырғанда Асхат Омаровтың еңбегі зор. Сондықтан бірінші турдың таңдаулы құрамына еніп отыр.

Қорғаушылар – Бақытжан МАСАҚОВ (Хабар), Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ (Qazaq radiolary)

Бақытжан Масақов бұған дейін Qazaq radiolary мен «Еларна» командаларында ойнаған. Осы маусымда өзі қызмет атқаратын «Хабар» арнасының намысын қорғайтын болып шешті. Бақытжан алғашқы турдан-ақ Нұрсұлтан Құрманмен жұп құрып, «Хабардың» қорғанысын тас қылды. Qsport-пен кездесуде де «Хабардың» қақпасын құрғақ ұстауына жалғыз қақпашы Айбек емес, Бақытжанның да еңбегі зор.

Ал өткен маусымның үздік қорғаушысы Назар Найзабеков биыл да бұл атақтан үмітті екенін байқатты. Ол «Еуразиямен» ойында командасының барлық шабуылшын ұйымдастырып, қорғаныста да сауатты ойнады. Өзі бір гол соқты.

Шабуылшылар – Бекзат САЙНАЗАР (NGQ) пен Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа)

«National Geographic Qazaqstan» биылғы маусымға жақсы дайындықпен келіпті. Бірінші турда олар өздерімен шамалас Хабар 24 командасын тізерлетті. Бұл бірінші кезекте шабуылдағы Бекзат Сайназардың еңбегі. Ол команданың бас шабуылшысы Нұрәлем Жалғасұлының жоқтығын білдіртпеді.

Құмарбек Азат – лигадағы үздік ойыншылардың бірі. Ол өзінің шеберлігін бірінші турдың орталық ойынында да дәлелдей алды. 27 жастағы Құмарбек бірінші турдың орталық ойынында «Астана» қақпасына дубль жасады. Сонымен қатар, тағы бірнеше мүмкіндігін пайдалана алмады. Әйтпесе, жылдам дрибилингтерімен телеарна қорғаушыларының әбден ығырын шығарған болатын.

Резерв

Қақпашы – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар)

Қорғаушылар – Адлет ҚҰСАЙЫНОВ (Астана ТВ), Елдос ӨМІРХАН (Qazaq radiolary).

Шабуылшылар – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (ДИК МО РК), Эльдар АМАНБЕВ (Qazsport)

BAQ League-нің хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league сегізінші маусымының серіктестері:
«Хабар» агенттігі, «Waурма» жылдам тағамдар желісі, «ASSYLTAS» қоғамдық қоры, «Turan» суы, «Life football» спорттық дүкені.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here