BAQ league Атқару комитетінің мәжілісі өтті

0
449
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Нұр-Сұлтанда BAQ league Атқару комитетінің мәжілісі өтіп, шағын футболдан Журналистер лигасының алдағы маусымындағы өзгерістер жайлы бірқатар шешімдер қабылданды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Атқару комитетінің мүшелері мынадай шешімдерді қабылдады:

– BAQ League-ның VIII маусымы 2020 жылдың 10 қазанында «Аспан» спорт кешенінде барлық талаптарды сақтай отырып басталады.

– VIII маусымға өтініштер қабылдау науқаны 25 қыркүйекке (сол күнді қоса есептегенде) дейін жалғасады.

– BAQ League Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы:

А) 3.2. Бапқа өзгеріс енгізу – BAQ League ойыншыларының мәртебесін Атқару комитеті шешеді. Қажет болған жағдайда ойыншыларды тексеруге Команда өкілдері Атқару комитетінің мүшелері үшін барлық жағдайды жасаулары қажет.

В) 3.6.1. Бапты қосу – Журналистік дипломы жоқ BAQ League-ның жаңа Ойыншылары Зейнетақы қорынан соңғы 12 айдың анықтамасын әкелуі тиіс. Егер соңғы 12 айда Ойыншы БАҚ саласының шығармашылық мүшесі болмаған жағдайда маусымға жіберілмейді.

С) 4.2. Бапты қосу – Маусымдағы ойыншылар саны 18-ден аспауы тиіс. Ал марапаттау рәсімінде 15 ойыншыға медаль беріледі.

– ІХ маусымда Регламенттің 3.3.8. Бабын өзгерту жайлы келесі Мәжілісте талқылау. Яғни, Журналистика факультетінің түлегі диплом алған күннен бастап 12 айдың ішінде мамандық бойынша ресми қызметке тұрмаса, онда BAQ league ойыншысы мәртебесінен айрылады.

– ІХ маусымда Регламенттің 3.4. Бабын өзгерту жайлы келесі Мәжілісте талқылау. Яғни, «А» лигасының командасы ойынға 33 жастан асқан кемі ойыншыны тіркеуге міндетті. Ал «В» лигасының ойыншысы 35 жастан асқан кемі екі ойыншыны тіркеуге міндетті.

– ІХ маусымда Регламенттің 3.4.1. Бабын өзгерту жайлы келесі Мәжілісте талқылау. Яғни, «А» лигасының ойындарында әр Команда сапында 33 жастан асқан кемі бір ойыншы алаңда жүруі тиіс. Ал «В» лигасының ойындарында әр Команда сапында 35 жастан асқан кемі бір ойыншы алаңда жүруі тиіс.

– Журналистік дипломы бар, бірақ мамандығы бойынша жұмыс істемейтін Ойыншылардың БАҚ саласындағы еңбек өтілі бойынша Лигаға қатыстыру мәселесін келесі Мәжілісте талқылау.

 

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here