BAQ league Атқару комитеті құрылып, жаңа маусымның ережелері таныстырылды

0
534
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қазақстан Масс-медиасы арасында өтетін шағын футболдан БАҚ лиганың 8-ші маусымы биыл «Хабар» телеарнасының 25 жылдық мерейтойына арналып, 11 шілдеде басталады. Осыған орай елордамызда команда өкілдерінің қатысуымен алқақотан жиыны өтіп, алдағы біріншіліктің ережелері түсіндірілді.

  • Маусымның 9-ы мен шілденің 1-і аралығында өтініштер қабылдау науқаны жүреді. БАҚ лигаға қатысуға ниет білдірген барлық команда осы аралықта Ұйымдастыру комитетіне құжаттар жиынтығын өткізіп, маусымның жарнасын төлеуі тиіс.
  • Маусымның қатысу жарнасы өсті: «А» лигасы үшін 220 мың теңге, «В» лигасы үшін 180 мың теңге.
  • «В» лигасының хаттамасына 33 жастан асқан екі ойыншының болуы міндеттелді. Оның бірі алаңда ойнауы тиіс. Ал ІХ маусымнан бастап бұл ереже 35+ болып өзгереді.
  • Команда мен ойыншылар арасында BAQ league мөрі қойылған келісім құжат жасалуы міндеттелді. Онда ойыншы мен команда арасындағы міндеттемелер жазылып, келісімшарттың мерзімі, ойыншының нарықтағы бағасы көрсетіледі. Келісімшарттың үлгісі жасалып, командаларға жіберіледі.
  • BAQ league Атқару комитеті құрылып, оған команда өкілдері кірді. Атқару комитеті БАҚ лигадағы келелі мәселерді келісіп шешіп, Ұйымдастыру жұмыстарына көмектеседі. Апта сайын мәжіліс өткізіп, Лиганың дамуына тікелей ат салысады. Әр маусымнан кейін Атқару комитетінің құрамына өзгерістер еніп отырады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here