Жаһанды жаулаған пандемияға байланысты еліміздің көптеген қалаларында карантин жарияланып, баршамыз жұрт үйлерінде отыруға мәжбүр. Осы орайда БАҚ лига Ұйымдастыру комитеті үйде отырған журналистердің уақытын қызықты өткізу үшін “Карантино CUP” онлайн жарысын ұйымдастырған болатын.
Кеше БАҚ лига командалары арасында ұйымдастырылған «Карантино CUP» онлайн турнирі мәресіне жетті. Екі аптаға созылған турнирдің финалында «Хабар» агенттігінің командасы мен Qsport.kz сайтының командасы кездесті.
БАҚ лиганың инстаграмдағы парақшасының сторизінде өткен бұл турнирге 16 команда қатысып, күн сайын бір жұп арасында онлайн ойындар өткен. Оқырмандардың дауыс беру нәтижесінде дауыс көп жинаған команда келесі кезеңге өте берді.
Финалдық айқас «Хабар» мен «Qsport.kz» командалары арасында өтті. Екі команданың да жұлдызды жанкүйерлері өте көп екен. Финал жай ғана қарап өтіп кетіп жатқан көрермендерді қосқанда 23 мыңға жуық адам жинады. Ресми есеп бойынша «Хабар» 10 591 дауыс иеленсе, сайт сырттандарына 8 975 дауыс берген.
Финалға шыққан қос команда БАҚ лиганың келесі маусымының ашылу салтанатында марапатталады.
«Карантино CUP» турниріне қатысқан командалардың жинаған ұпайлары:
ФИНАЛ
- Хабар – 10 591 дауыс
- Qsport.kz – 8 975
ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ
- Хабар – 4140
- QAZSPORT – 4089
- Qsport.kz – 1089
- Aiqyn-Liter – 848
ШИРЕК ФИНАЛ
- Хабар – 1952 дауыс
- Қазмедиа – 1921
- QAZSPORT – 1281
- Qsport.kz – 1216
- Qazaq radiolary – 1127
- ДИиК МО РК – 1081
- Aiqyn-Liter – 417
- Elorda aqparat – 398
1/8-ФИНАЛ
- Хабар – 689
- Kazaknews.kz – 566
- Qazaq radiolary – 550
- NGQ – 541
- QAZSPORT – 322
- Egemen Qazaqstan – 240
- Aiqyn-Liter – 181
- Elorda aqparat – 137
- Қазмедиа – 134
- Хабар 24 – 132
11-12. Қаламгер – 101
11-12. Спорт 59 – 101
- ДИиК МО РК – 91
- Qsport.kz – 79
- Астана ТВ – 75
- Мазмұндама – 65