Қақпашы – Қанат БАЗЫЛХАН (Мазмұндама)
Қанат Базылхан, әлде Нұрлан Тұрапов? Көп ойландық. Екеуі де мықты қақпашылар. Капитандар арасындағы сауалнама қорытындысы бойынша екеуі де 33 ұпайдан жинаған. Маусымның үздік голкипері номинациясына ДИиК МО РК қақпашысына бұйырғанымен Қанат та қайсарлығымен есте қалды. Екеуі де маусым бойына таңдаулы командаға бес рет кіріпті. Бірақ Нұрлан екі рет негізгі құрамнан көрінсе, Қанат 4 рет орын алыпты. Жалпы, Базылхан БАҚ лигаға дейін-ақ өз мықтылығын дәлелдеп қойған қақпашы. Сондай-ақ, БАҚ лигада да мықтылығын көрсетіп жүр. Енді сіздерге сұрақ, егер Тұрапов «Мазмұндаманың» қақпасын қорғағанда үздік деген атаққа қол жеткізе алар ма еді?
Қорғаушылар – Айғали ҚАДЫРОВ (ДИиК МО РК) пен Айхан ҒАЛЫМҰЛЫ (Elorda aqparat)
Капитандар мен вице-капитандар мойындап, маусымның үздік қорғаушысы атанған Айғали Қадыров биылғы біріншілікте таңдаулы командадан бес рет орын алыпты. Қорғаныста ғана емес, шабуылда да белсенді болған ол қарсылас қақпасына барлығы 12 гол соққан. ДИиК МО РК қорғаушысына маусымның таңдаулы командасында капитандықты да сеніп тапсыруға болатын шығар.
Айғали Қадыров кандидатурасын бірауыздан мақұлдағанымызбен Айхан Ғалымұлы мен Ермек Төрениязовтың біреуін таңдауымызға тура келді. Сауалнама қорытындысы бойынша Ермек екінші, Айхан үшінші орын алыпты. Бірақ «Elorda aqparat» қорғаушысының шабуылдағы еңбектерін де ескердік. Негізгі міндеті қорғаныс шебі болғанымен қарсылас қақпасына 18 гол соққан. Ал маусым бойына таңдаулы командаға 8 рет кірген. Оның бесеуінде негізгі құрамнан орын алған.
Резервке Ермек Төрениязовпен бірге «Хабар 24» қорғаушысы Нұрахмет Бектұрғановты таңдадық. Қатеселескен жоқпыз деген ойдамыз. Өйткені, «Хабар 24»-тің қола жүлдегер атануына бірден-бір себепші болған ойыншы дәл осы – Нұрахмет Бектұрғанов.
Шабуылшылар – Николай Кружальский (ДИиК МО РК) мен Алмас ЗИЯТОВ (ДИиК МО РК)
Келесі маусымда қалай боларын айту қиын шығар, бірақ биыл ДИиК МО РК командасының шабуылшылар тандемі «В» лигасында барынша атой салды. Николай Кружальский 36 гол соғып, үздік сұрмерген әрі үздік шабуылшы атанса, 32 гол соққан Алмас Зиятов маусымның үздік ойыншысы номинациясымен марапатталды.
Резервке «Elorda aqparat» форварды Бексаттар Саттар мен «QAZSPORT» шабуылшысы Ратмир Әубәкірді таңдадық. Иә, екеуі де әлеуеттерін толық көрсетпеді. Биыл толық бабында болмады ма, әлде келесі маусымға сақтады ма, әйтеуірбар шамалары резервке жетті.
БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:
БАҚ лиганың ресми суы – TURAN
БАҚ лига VII маусымының серіктестері:
«Halva» кафесі, Life football дүкені