Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы биылғы маусымда ҚР Қорғаныс министрлігі Баспасөз қызметінің командасында ойнап жүр. ДИиК МО РК деп аталатын оның командасы соңғы турда «Қаламгермен» кездескен. «Хабардың» рекордын жаңарту үшін оларға жеті гол жеткілікті болатын. Жеті голды да Берік Уәли соқты. Дегенмен ДИиК МО РК мұнымен тынышталмады. Бір ойыншысы алаңнан қуылып, жаралы күйге түскен қарсыластарының қақпасына тағы 6 гол соқты. Қорытынды есеп – 13:1. Енді бұл рекордттың қаймағы БАҚ лигада жақын уақытта бұзыла қоймайтын шығар. Өйткені, кейінгі кездері БАҚ лигада үздік команданың бір маусымдағы голдар саны 100-ден асып жатқан жоқ. Ал «Хабар» мен ДИиК МО РК командаларының рекордтарына параллель жүргізер болсақ, үшінші маусымда «хабарлықтар» 13 ойын өткізсе, «сарбаздарға» рекорд үшін 14 ойын қажет болды. Дегенмен «Хабардың» сол кездегі гол айырмашылығы 99, ал ДИиК МО РК командасы қарсылас қақпасына 128 гол соғып, өз қақпаларынан 29 доп арып шыққан. Айтпақшы, осы ойыннан кейін Берік Уәлидің биылғы маусымдағы голдарының саны 9-ға жетті.
«В» лигасының соңғы турындағы өзге ойындарға келер болсақ, «Мазмұндама» тартысты өткен ойында «QAZSPORT»-тан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бірінші таймда қос команда бір-бір голдан алмасқанымен үзілістен кейін «мазмұндамалықтар» қарсыластарының голына лайықты жауап бере алмады. Ратмир Әубәкірдің дубліне Әзиз Жұмаділ ғана бір голмен жауап қатты.
«Aiqyn-Литердің» БАҚ лигадағы жеңісті жолы «Qsport.kz» командасынан басталған. Бұған дейін барлық ойынында жеңіліп келген олар алғашқы 3 ұпайларын дәл осы «Qsport.kz»-тен алған. Қаңтардың 20-сы күнгі сол ойынның 4:2 есебімен аяқталғаны әлі есімізде. Бір қызығы, қос команданың кешегі кездесуі де дәл осындай нәтижемен аяқталды. Бірақ жеңіске жеткен «айқындықтар» емес, ««Qsport.kz» командасы. Әдетте гол соға бермейтін Еламан Әмірғазы хет-трик жасаса, Ержан Қожабеков бір гол соқты. Ал «Aiqyn-Литер» сапынан Қуанышхан Сапарбаев пен Әлішер Мұқажан бір-бір голды қоржындарына салды.
«В» лигасының биылғы маусымдағы ойындарын «Elorda aqparat» пен «Хабар 24» қорытындылады. Бірі күміспен күптеліп, екіншісі қолаға қол жеткізген командалар. Сондықтан, бұл матч турнир кестесінде ештеңе де шешпейтін. Тек чемпиондық ойынның алдындағы кездесу болғандықтан бұл ойынға да көпшіліктің назары ерекше еді. Бірінші тайм толығымен «Elorda aqparat»-тың басымдығымен өтті. Алмас Қожемжаров соққан бір голға олар бес тура соққымен жауап қайтарды. Ал үзілістен кейін «Хабар 24» жігіттері қарқындарын күшейткенімен күміс жүлдегерлерге шамалы жеткен жоқ. Матч 7:2 есебімен аяқталды.
БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:
БАҚ лиганың ресми суы – TURAN
БАҚ лига VII маусымының серіктестері:
«Halva» кафесі, Life football дүкені