«Астана ТВ» – БАҚ лиганың қола жүлдегері

0
329
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қола жүлденің тағдырын шешкен бұл ойынды да күткендер көп болды. «Астананы» ғана емес, «Қазмедиа» ойыншыларын да алаңдатқан матч болды. Өйткені, қола жүлдеге елордамыздың басты телеарнасының командасымен бірге ҚМО да үмітті болатын. Өйткені, соңғы турға екеуі де үзеңгі қағыстырып, қатар жетті. Тек өзара ойындарда «Астана ТВ» командасының асығы алшысынан тұрғандықтан турнир кестесінде бір саты жоғары орналасқан. Естеріңізге сала кетейік, қос команданың бірінші айналымдағы кездесуінде 2:1 есебімен «Қазмедиа» жеңсе, екінші айналымда «Астана ТВ» 7:0 есебімен қарымта қайтарған. Сондықтан, өзара кездесудегі голдар санының артықтығына байланысты «Астана ТВ» алда тұрды.

Дегенмен, соңғы турда «Kazaknews.kz» командасын 8:2 есебімен ойсырата жеңген «Қазмедиа» ендігі үміттерін «Спорт 59»-ға артқан. Оның үстіне, Бек Төлеу бастаған бұл команданың соңғы кездегі аяқ алысы да жақсы. «Qazaq radiolary»-ның осы маусымдағы тағдырын шешкен команда үшін «Астана ТВ»-дан ұпай алу сөз боп па? Иә, көпшілік осылай ойлады. Алақандарын ысқылап, трибунаға жиналғандар да көп еді.

Ойын да соған сәйкес тартысты өтті. Төреби Нұрлановтың 5-ші минутта соққан голына араға екі минут салып, Едіге Ержан жауап берген. Көп өтпей Аян Қайырбаев өз қақпасына гол соғып алып, «Астана ТВ» тағы алға шықты.

Бірінші тайм 2:1 есебімен аяқталды. Ал үзілістен кейін «Спорт 59» қарқындарын күшейтіп, 24-ші минутта Едіге Ержан дубль жасады. Бірақ есеп осымен тоқтап қалған жоқ. Келесі минутта-ақ Ұлан Ақсұлтанов «Астана ТВ» жігіттерін алға шығарса, ойынның 31-ші минутында Сәбит Байхонов таблодағы көрсеткішті 4:2-ге жеткізді.

Осылайша «Астана ТВ» маусымның қола жүлдегері атанып, дәл осынша ұпай жинағанымен «Қазмедиа» үздік үштікке кіре алмады. «Спорт 59» маусымды 6-шы орынмен аяқтады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here