Ең алғаш командалар БАҚ лига аясында 2017 жылдың 29 қаңтарында кездескен. Бұл бірінші маусымның 5-ші туры болатын. Чемпиондықтан үмітті қос команданың ойыны сол кезде 3:3 есебімен тең аяқталған. Одан кейінгі төрт ойын «Хабардың» пайдасына шешіліп, тек былтыр 31 тамызда ғана «Qazaq radiolary» қарсыластарын ұта алған. Журналистер кубогының финалы аясында өткен бұл кездесуде «Qazaq radiolary» «Хабар» қақпасына жауапсыз үш гол соққан. Ал қос команданың соңғы ойыны өткен жылдың желтоқсанында өтіп, тартысқа толы болған ойын 2:2 есебімен итжығыс аяқталды.
Жалпы, БАҚ лига аясында «Хабар» мен «Qazaq radiolary» өзара жеті рет кездесіпті. Төрт ойында «Хабар» жеңсе, бір кездесуде «Qazaq radiolary»-ның асығы алшысынан түсіп, екі ойын тең аяқталған. Гол айырмашылығы – 31:16, «Хабардың» пайдасына.
Қазақстан журналистерінің «Ел классикосына» айналған қос мықтының сегізінші текетіресі қай команданың пайдасына шешілер екен?
«Qazaq radiolary» мен «Хабардың» текетіресі
14.12.2019 ж. VII маусым
Qazaq radiolary – Хабар 2:2
31.08.2019 ж. VI маусым , ЖК
Qazaq radiolary – Хабар 3:0
24.08.2019 ж. VI маусым
Qazaq radiolary – Хабар 3:10
27.07.2019 ж. VI маусым
Хабар – Qazaq radiolary 6:0
20.05.2018 ж. ІІІ маусым
Хабар – Qazaq radiolary 7:3
11.06.2017 ж. ІІ маусым
Хабар – Қазақ радиосы 3:2
29.01.2017 ж. І маусым
Хабар – Қазақ радиосы 3:3
БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:
БАҚ лиганың ресми суы – TURAN
БАҚ лига VII маусымының серіктестері:
«Halva» кафесі, Life football дүкені