Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ – Берсе қолынан, бермесе тартып аламыз…

0
1313
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

– Әлбетте, ұпай жоғалтқанымыз өкінішті. Бір жағынан бұл нәтиже біздің жігіттерге шапалақ болып тиді. Есімізді жиып алуға жақсы болды. Әйтпесе, шыны керек, кейінгі кездері алаңда тым дандайсып, еркінсіп кеткен едік. Енді соңғы турға дайындаламыз.

– Чемпиондық көзден бұлбұл ұшты деп айтуға бола ма?

– Жоқ. Біз соңғы турда «Хабарды» жеңеміз. Оған сенімдімін. Чемпиондық біздікі. Ойынға жоспарлаған бірнеше тактикамыз бар. Жеңіс рухы бізде де қалыптасты. Мәселен, өздеріңіз куәсіздер, биыл бірнеше ойында жеңіліп жатып, жеңісті жұлып алған кездеріміз болды. Сондықтан, «Хабардың» әлсіз тұстарын табамыз деп ойлаймын.

– «Хабардың» әлсіз жерлерін айтып бере аласыз ба?

– Біз қарсылас немесе бәсекелес емес, бірінші ретте әріптеспіз. Сондықтан, мына жері әлсіз, ана ойыны нашар деп айту әбестік болар. Оларды өте мықты команда деп санаймыз. Алаңда қарсылас болғанымен ойыннан кейін ажырамас доспыз. Ал футболдағы әлсіз тұстары ойын барысында көрінеді деп ойлаймын.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here