Айбек ҚАБЫЛША: Чемпиондықтан айрылу – бізге сын

0
1144
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

– Чемпиондық біздің қолымызда тұр. Одан айрылып қалғымыз келмейді. Соңғы ойында ұтылу жайлы әсте ойламаймыз. «Хабар» – БАҚ лиганың алты дүркін чемпионы. Яғни, чемпиондық рухымыз өте мықты. Басқа командалардан артықшылығымыз да осы. Біз мықтылығымызды тағы дәлелдегіміз келеді. Ал қолда тұрған чемпиондықтан айрылып қалу – бізге сын.

– «Qazaq radiolary»-ның «Спорт 59»-бен тең ойнап қалуы жайлы не айтасыз?

– Әрине, футболда әрдайым мықтылар жеңе бермейді ғой. Дегенмен, күтпеген нәтиже болды. Шынын айтсам, «Радионың» сүрінгеніне өз басым, шын қуандым. Мұның алдында да «Спорт 59» жігіттерін қайрап, рух беріп, смс хат жібергенмін. Ойындарына риза болдым. Матчтан кейін қолдарын алдым.

– Енді соңғы турда «Хабарға» ұтылмаудың өзі жеткілікті. Тең ойынға қанағат дейсіздер ме?

– Егер алаңға «ұтылмайық» деп шықсаң, ұтылып қаласың. Сондықтан, міндетті түрде жеңуге тырысамыз. «Qazaq radiolary» – дәл қазіргі таңдағы біздің басты қарсыласымыз. Соңғы ойын қызық болмақ. Ойын оңай болмайды. Алаңға екі мықты шыққан кезде стадион дүр сілкінеді. Қызық матч күтіп тұр. Келген адам өкінбейді. Бұл – БАҚ лиганың «Ел классиксы».

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here