БАҚ лига Ұйымдастыру комитеті әр номинация бойынша «А» және «В» лигаларының үздік ойыншылары атағынан үміткерлерді анықтады. Әр Лига бойынша «Үздік қақпашы» атағынан бес голкипер үміткер болса, «Үздік қорғаушы» мен «Үздік шабуылшы» номинациясына 12 ойыншыдан іріктелді. Ал «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша БАҚ лига Ұйымдастыру комитеті 10 ойыншыдан іріктепті.
Енді осы Үміткерлер команда капитандары мен вице-капитандарына ұсынылады. Сауалнамаға әр командадан екі ойыншыдан қатысып, тізімдегі үміткерлерден өз үздіктерін таңдайды да, оларды 1-ші, 2-ші, 3-ші орындарға қойып шығады. Егер БАҚ лига Ұйымдастыру комитеті ұсынған үміткерлердің ішінде респонденттің таңдаған кандидаты болмаса, ол үздіктерінің қатарына тізімнен тыс бір ойыншыны қоса алады. Дегенмен, өз командасының ойыншыларына дауыс беруге болмайды.
Үздік ойыншылар маусымның марапаттау рәсімінде, яғни 15 наурыз күні анықталады.
БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:
БАҚ лиганың ресми суы – TURAN
БАҚ лига VII маусымының серіктестері:
«Halva» кафесі, Life football дүкені