“Aiqyn-Литер” енді аутсайдер емес

0
465
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

«Мазмұндама» командасын 6:2 есебімен тізерлеткен «Aiqyn-Литер» БАҚ лигадағы жеңістерінің сериясын екі матчқа дейін жеткізді. Бұл олардың бірінші кішігірім рекорды. Бұған дейін олар мұндай ірі есепке қол жеткізіп көрген жоқ. Бұл олардың екінші кішігірім рекорды. Команда өз тарихында бірінші рет соңғы орыннан көтеріліп отыр. Бұл олардың үшінші рекорды. Сондай-ақ, «Aiqyn-Литер»  бірінші рет бір маусымда қоржындарына 9 ұпай салып отыр. Иә, расымен де кешегі кездесуде «Aiqyn-Литерді» көпшілік жаңа қырынан таныды. Тактика қойып, оны мүлтіксіз орындай білетін команда ретінде, соңына дейін ойнап, қарсыластарының тегеурінді шабуылдарына төтеп бере алатын команда ретінде білді. «Мазмұндама» қанша шабуылдағанымен қарсыластарының қақпасынан екі-ақ рет саңылау тапты. Бірақ оған «айқындықтар» үш есе артық голмен жауап қатты. Енді соңғы турда «Aiqyn-Литерді» «Qsport.kz» командасы күтеді. Айтпақшы, «айқындықтардың» биылғы жеңістерінің басы осы командадан басталған.

“Qsport.kz” демекші, Жандос Әбумуталифұлы бастаған қара жейделілер кеше 1:4 есебімен жеңіліп жатып, «QAZSPORT»-пен тең түсті. Есеп – 4:4. Айта кетейік, “Qsport.kz” пен «QAZSPORT» БАҚ лигада бапкермен жұмыс жасай бастаған алғашқы командалардың бірі. Тұңғыш емес, әрине. Өйткені, бұл екеуіне дейін де БАҚ лигада бапкер жалдаған команда болған. Бірінші маусымда “Dixinews.kz” командасы арнайы жаттықтырушы жалдап, кәсіпқой командаға бір табан жақындаған. Міне, енді “Qsport.kz” пен «QAZSPORT» үзіліп қалған сол дәстүрді жалғап отыр. Бірақ, кешегі кездесуге екі команданың да жаттықтырушылары келмеді. Бір-біріне қарсы шыққысы келмеді ме, әлде бұдан да маңызды шаруалары болды ма, жоқ әлде, жоба жарты жолда үзіліп қалды ма, әйтеуір, әу баста амбициялары жер жарған қос бапкерді қосалқы құрам орындарынан көрмедік. Дегенмен, ойын онсыз да қызықты өтті. Спорттық арна командасының сапынан Ермек Төрениязов бір гол соғып, Эльдар Аманбаев хет-трик жасаса, «Qsport.kz»-тен Ержан Қожабеков дубль жасап, Ардақ Қасымхан және Жалын Тілеуберген бір-бір голдан соқты.

Ал соңғы орынға «Қаламгер» топ ете түсті. Нүркен Тоқмурзин бастаған команда олар кеше «Elorda aqparat»-пен кездескен. Қарсыластарының 11 голына бірде-бір тура соққымен жауап қата алмай пұшайман болған «Қаламгер» биылғы маусымды сол күйі соңғы орында аяқтайтын тәрізді. Өйткені, келесі турда оларды ДИиК МО РК командасы күтіп тұр. Ал олар ешкімді де кешіре қоймайтын, ешкімнің көңіліне қарамайтын ұжым.

Мәселен, кеше Қорғаныс министрлігі Баспасөз қызметінің командасы 5:1 есебімен маусымның қола жүлдегері «Хабар 24»-ті еш қиындықсыз тізе бүктірді. Бір қызығы, бес голдың бесеуін де өз еншісіне Николай Кружальский салды. Осылайша сұрмергендер жарысында Кружальский өз командаласы Алмас Зиятовтан жеті голға ұзап кетті. Ал «Хабар 24» сапынан матчтың 31-ші минутында Бауыржан Қошанов гол соқты.

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.  

 

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here