Болмай қалған әртістер немесе БАҚ лиганың ТОП-7 шоумені

0
385
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

№7. Бекнұр НҰРМАҒАНБЕТ (Qazaq radiolary)

Ойынның қалай өткеніне қарамастан үнемі көңілді жүретін Бекнұр Нұрмағанбет шоумендер рейтиңгінде 7-ші орында. Сары қағаз көрсеткен төрешіге қарап жымия салу, музыка естісе билеп кету, футбол ойнап жүріп, қарсыласымен кешегі отырыс жайлы әңгімелесу – мұның бәрі Бекнұр үшін қалыпты жағдай. Ал оның апта сайын өзгеріп тұратын шаш үлгісіне БАҚ лигадағы барлық журналистердің көзі үйренген.

№6. Талғат ҚАЙЫРГЕЛДИН (National Geographic Qazaqstan)

Сырттай қарағанда қарапайым көрінгенімен Талғат Қайыргелдин де жұрттың назарын өзіне аударғанды ұнатады. Ойынын қарап отырсаңыз оның мақсаты гол соғу емес, допты қарсыласының ауынан өткізіп жіберу сияқты көрінеді. Ал қалғаны маңызды емес. Иә, Талғаттың ойынына көрермендер осы финті үшін қол соғады. Ендеше шоумен емей немене?..

№5. Ержан ҚОЖАБЕКОВ (Qsport.kz)

Оның алаңдағы ойыны трибунадағы көрермендер үшін қызықты шоу, бірақ қарсыластарының да зығырданын туғызатыны жасырын емес. Бәлкім, кейбіреулер үшін оның әрекеті провакация шығар, бірақ шоудың элементтері де байқалады. Ал гол соққан кезде Ержан үшін бүкіл алаңды айналып жүгіру түк те емес. Айтпақшы, мұның барлығы Ержанның түпкі мамандығында шығар. Бекер Жүргеновте оқыған жоқ қой…

№4. Айбек ҚАБЫЛША (Хабар)

Айбек Қабылшаны көрермендердің көпшілігі шоу жасай білетіндігі үшін де жақсы көреді. «Я» деп айқайлап шығуы, голдарды өзі соққандай тойлауы, матч алдында қақпа бағанасын сүйіп, алақанын жая күбірлей дұға жасауы – Айбекті өзге қақпашылардан өзгешелендіріп тұрады. Тіпті, оның сейвтері де өзге голкиперлердікіне ұқсамайды.

№3. Алмас ЗИЯТОВ (ДИиК МО РК)

Алмастың «болмай қалған әртіс» екенін алғаш рет «Elorda aqparat»-қа қарсы өткен ойында байқадық. Иә, бірінен бірі өтетін әдемі голдар соқты, бірақ, сонысымен бірге шоумен екенін де көрсетті. Әуелі әріптесі Айғали Қадыров екеуі саусақтарын сілки билеп, қарсыластарының жүйкесіне тисе, екінші сәтте «Elorda aqparat»-тың қосалқы құрамының алдына сайқымазақтың кейпінде барып, Елтай Нұрғазиннің алаңнан қуылуына себепкер болды. Ал оның әр ойында жасайтын рабонасын БАҚ лигада қайталай алатындар өте аз.

№2. Нұрмұхамед БАЙСҮГІРОВ (Астана ТВ)

Нұрмұхамедтің аяғына доп түссе болды, трибунадан «қара, қара, қазір жасайды» деген сөздерді естисің. Расымен де, айтыскер-журналистің шоуларына жанкүйерлер әбден үйренген. Ал қарсыласымен бетпе-бет қалғанда екі қолымен жерді ұстап, төрттағандап тұра қалатын финтін БАҚ лигада ғана емес, әлем футболында да ешкім қайталай алмайтын шығар.

№1. Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар)

Ал БАҚ лиганың басты шоумені – Әлішер Келгенбай. Оның әр голы – шедевр, әр финті – туынды. Әлішер өзіне назар аудартқанды жақсы көреді. Сондықтан, сұрасаңыз, сіз үшін гол соғады, сіз үшін сальто жасап береді. Тіпті, жаттығулар кезінде Шыңғыс Ерғалиев екеуі голдарды атап өтудің бірнеше түрін пысықтайды деген де аңыз бар.

Жалпы, «Хабар» сапында шоумендер көп. Жоғарыда атап өткен Шыңғыспен бірге Нұрсұлтан Қабылбек те әлдеқашан көрермен көзайымына айналған. Бұл ойыншылардың өздеріне деген сенімділіктерінің белгісі болса керек. Ендеше шоу жасай аласыз ба, демек, өзіңізге сенімдісіз деген сөз.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here