”В” лигасы. Оныншы турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
384
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашылар – Райымбек ҚОЙШЫБЕК (Qsport.kz)

Өткен турда «Qsport.kz» командасы «Қаламгерді» 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Дегенмен матчтың алғашқы бөлігінде қарсыластар өте жақсы ойнады. Әсіресе шабуылшылары қақпаға тыным берген жоқ. Жан-жақтан қыспаққа алып, голкиперді олай да, бұлай да сынады. Әйтсе де, Райымбек бұл сынақтын барлығынан сүрінбей өтті. Соның нәтижесінде командаластарында да жеңіске деген сенім пайда болып, кездесуді өз пайдаларына шешті.

Қорғаушылар – Рауан ОМАРХАН (Хабар 24) мен Алмас ЗИЯТОВ (ДИиК МО РК)

«Aiqyn-Литерді» нашар ойнады дей алмаймыз. Әжептеуір қарсылық көрсетті. Асқар Ағатаев, Абылайхан Жұмашев сияқты шабуылшылары да шапшаң қимылдайды екен. Алайда Рауан Омарханнан өте алмады. Еңселі қорғаушы қарсыластарын өзінен кемі екі метр ары ұстап, аяқтарындағы допты оңай-ақ тартып алып жатты. Өзі де шабуылға араласып, дубль авторы атанды.

Әдетте шабуыл шебінде ойнайтын Алмас Зиятов өткен турда көбіне қорғаныс шебін күзетті. Бірақ бұл оған хет-трик авторы атануға кедергі болған жоқ. Өз командасының ойынын әдемі үйлестіріп, «Мазмұндаманың» шабуылдарын бір дриблингпен-ақ тұншықтырып жатты.

Шабуылшылар – Дәурен БАБАМҰРАТ (Мазмұндама) пен Бексаттар САТТАР (Elorda aqparat)

Иә, «Мазмұнадам» өткен турда жеңіліп қалды. Бірақ, жаман ойнаған жоқ. Ал ДИиК МО РК қақпасына дубль жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ойыннан кейін де Қорғаныс министрлігі Баспасөз қызметінің ойыншылары осы еңселі шабуылшыға қарсы тұру қиын болғанын айтып жатты.

Дәурен Бабамұраттың қасына Бексаттар Саттарды қосуды жөн көрдік. Әдетте ассистенттікпен айналысатын Бексаттар «QAZSPORT»-қа қарсы кездесуде тізгінді толығымен өз қолына алып, хет-трик авторы атанды.

Резерв:

Қақпашы – Азамат НҰРМАТОВ (Elorda aqparat)

Қорғаушылар – Жалын ТІЛЕУБЕРГЕН (Qsport.kz), Эльдар АМАНБАЕВ (QAZSPORT).

Шабуылшылар – Марат ТУКАТОВ (Хабар 24), Ержан ҚОЖАБЕКОВ (Qsport.kz).

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here