Қақпашы – Асхат ОМАРОВ (Kazaknews.kz)
Асхат Омаров қақпашы емес, алайда негізгі кипері Бекхан Салықов жоқ кезде қолына қолғабын киюге мәжбүр болып жүр. Артылған міндетті керемет атқарып жүр дей алмаймыз. Бірақ соңғы турда «National Geographic Qazaqstan» шабуылшыларын әбден әбігерге түсірді. Иә, матчтың үздік ойыншысы Әбдіманап Кеңес болды. Дегенмен, салыстырмалы түрде қарар болсақ, өткен турда Омаровқа жетер қақпашы болмапты.
Қорғаушылар – Едіге ЕРЖАН (Спорт 59) мен Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ (Qazaq radiolary)
«Хабарға» қарсы ойында Данияр Бекжановпен «одақ» құрған Едіге Ержан қорғаныс шебінде өте сауатты ойнады. Тіпті, Әлішер Келгенбайға қарсы дербес ойнап, азулы шабуылшыны көше тілімен айтқанда «шайнап» тастады. Әйтпесе, Әлішердің бұл жолы да 4-5 гол соғып тастайтын мүмкіндігі болған.
Ал «Астана ТВ»-ға қарсы ойында Назар Найзабекұлы өз командасының нағыз көшбасшысы бола білді. Иә, оның жылдам соққан екі голы ойын тағдырын шешіп тастады. Бірақ бірінші ретте Назар өзін көшбасшы, керемет стратег және сауатты қорғаушы ретінде көрсетті.
Шабуылшылар – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар) пен Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа)
«Спорт 59»-ға қарсы ойын «Хабар» үшін өте қиын болды. Матч барысында үш рет «қуғыншының» рөлін атқаруға тура келді. Тіпті, мақтаулы Әлішер Келгенбай мен рухани көшбасшы Нұрсұлтан Құрманның да салы суға кете бастаған еді. Тек Нұрсұлтан ғана еңсе түсірген жоқ. Капитан соңына дейін айқасты. Әріптестерін алға жетелеп, маңызды дубль жасады.
Ал Құмарбек Азат сұрмергендер жарысында қамшы басты. «Егемен Қазақстан» қақпасына 5 гол соққан «қазмедиалық» форвард маусымдағы голдарының санын 18-ге жеткізді. Әлбетте, көшбасшы Әлішер Келгенбайды қуып жету дәл қазір мүмкін емес шығар. Бірақ дәл осылай ойнар болса, маусымның үздік шабуылшысы номинациясын жеңіп алуы ғажап емес.
Резерв
Қақпашы – Мәди МҰХАМЕДҚАЛИ (Спорт 59)
Қорғаушылар – Асқар МҰХТАРОВ (Қазмедиа), Елдос ӨМІРЗАҚ (Qazaq radiolary).
Шабуылшылар – Әбдіманап КЕҢЕС (Kazaknews.kz), Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар).
«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:
БАҚ лиганың ресми суы – TURAN
БАҚ лига VII маусымының серіктестері:
«Halva» кафесі, Life football дүкені