Қола жүлденің қожайыны кім болмақ?

0
422
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

«А» лигасының орталық кездесуі «Астана ТВ» мен «Qazaq radiolary» арасында өтті. Қос команданың бірінші айналымдағы айқасында Ержан Жүніс бастаған жампоздар қарсыластарын 7:1 есебімен ойсырата жеңген. Дегенмен, соңғы кезде «Астананың» аяқ алысы жақсы. Маусым басындағы сәтсіздіктерден сабақ алып, допты түзу тебе бастаған. Көрсеткіштері де түзеліп келе жатыр еді. Нәтижесінде турнир кестесінде жоғары көтеріліп, үздік үштіктен бір-ақ шыққан. Тіпті, екінші орын жайлы да ойлай бастаған болатын. Алайда, кешегі кездесуден кейін Адлет Құсайынов бастаған жігіттер күмістен үміттерін біржола үзіп, қолаға ден қоятын болды.

Не істерімді білмеймін. Барлығын дұрыс жасаған сияқты едік. Жігіттерге бірінші кездесудің нәтижесін ойламаңдар дедім. Кек қайтару жайлы мүлдем ойламадық. Құрамымыз да жаман болған жоқ. Команда толық құрамда келді. Мықты жігіттердің барлығы жиналды. Бірақ алаңға шыққанда бар білгенімізден жаңылдық,деді ойыннан кейін Адлет Құсайынов.

Ойын демекші, «Qazaq radiolary» бірінші кездесуден де керемет ойнады. Қорғаныс шебіндегі Назар Найзабекұлының жылдам соққан екі голы қарсыластарын есеңгіретіп жіберді ме, әлде «Астана ТВ» алаңға сол аяқпен шықты ма, әйтеуір «астаналықтардың» әу бастан ойындары жүрмеді. Осылайша  «Qazaq radiolary» командасының бес голына Абдулла Төкеновтің ғана тура соққысымен жауап бере алды.

Дегенмен, «Астана ТВ» әлі де жүлделі орындардан үмітті. Дәл қазір олар турнир кестесінде 15 ұпаймен үшінші орында «Қазмедиамен» бөлісіп тұр. Өз кезегінде ҚМО командасы кеше «Егемен Қазақстаннан» бір емес, екі бас жоғары болып, бір кездері БАҚ лиганың бас көшбасшыларының бірі болған «егемендіктерді» 9:3 есебімен ойсырата жеңді. Құмарбек Азат пента-трик авторы атанса, Асқар Мұхтаров хет-трик жасап, Марғұлан Ибраев бір голды еншісіне жазды. Ал қатарынан жетінші ойында жеңілген «Егемен Қазақстан» турнир кестесінде 7-ші орынға бір-ақ сырғыды. Енді естерін жимаса, команда келесі маусымда «В» лигасына ұшып кетуі әбден мүмкін. БАҚ лига басталғалы жоғарғы дивизионда ойнап келген команданы төменгі топқа қимаймыз, әттең…

– Бүгін бірінші рет басыма «жеңіліп қаламыз-ау» деген ой келді. Былтыр чемпиондық ойында «Қазмедиамен» екі гол айырмашылығымен ұтылып жатқанда, биыл «Qazaq radiolary»-на есе жіберіп жатқанда бұлай қорыққан жоқ едім, бұл жолы үміттен гөрі күдігім басым болды. Өйткені, қанша қарқынымызды күшейтіп, тізгінді толықтай қолымызға алып, қарсылас қақпасына допты қарша боратқанымызбен тепкен доптарымыздың барлығы қақпа бағанасынан кері серпіліп жатты. Жаңа санап шықтық, бір ғана Әлішер Келгенбайдың алты соққысы қақпа бағанасынан кері қайтыпты. Бүгін жолымыз болмаған күн екен деп ойладым. Абырой болғанда бәрі біз үшін сәтті аяқталды, – деді ойыннан кейін «Хабардың» капитаны Нұрсұлтан Қабылбек.

Иә, расымен де «Спорт 59» «Хабарды» біраз сынады. Қақпашысы Мәди Мұхамедқали да соңғы шепте керемет ойнап, қарсыластарының талай соққысына тойтарыс берді. Ал әдетте кез келген қорғаушыдан сытылып өтіп кететін Әлішер Келгенбайды бір емес, екі ойыншы жауып, аяқ-қолын тұсап тастады. Бұлар Едіге Ержан мен Данияр Бекжанов болатын. Алғашқысы алғы шепте де алғырлық танытып, есепті ашқан. Жалпы, «Спорт 59» осы ойында үш рет таблода алға шығып, «хабарлықтар» үшеуінде де қуғыншының рөлін атқарды. Тек ойынның соңғы минуттарында ғана қорғаныс шебін алмастырған «Спорт 59» ойыншылары Әлішер Келгенбайдан көз жазып қалып, үздік сұрмергенге ойын тағдырын шешуге мүмкіндік беріп қойды. Қорытынды есеп – 4:3, «Хабар» әупірімдеп жеңісті жұлып алды.

Ал аутсайдерлер арасында өткен «Kazaknews.kz» пен «National Geographic Qazaqstan» арасындағы дербиде Доған Йылдыздың командасы 4:1 есебімен оңай жеңіске қол жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш командалар маусымның бірінші турында алғашқы айқастарын өткізген. Ол кезде «Табиғат жыршылары» бабында еді. Таблода 8:2 есебі тіркелгенде Арай Ізбай бастаған жігіттерді жүлдеге таласпаса да, үздік квартеттің қатарында болатын шығар деп ойлағанбыз. Қазір олар турнир кестесінің соңғы сатысында. Бұл олардың қатарынан алтыншы жеңілісі. Рас, кеше «National Geographic Qazaqstan» сапында негізгі ойыншыларының біразы ойнамады. Бірі іс-сапарға кетсе, бірі жарақат алған, енді бірінде дисквалификация. Дегенмен, бұл да ақталуға жатпайды. Команданың дәл қазіргі құрамы «А» лигасының кез келген командасына төтеп бере алады. Тек өздеріне деген сенімділікті жоғалтып алғандай. Ал «Kazaknews.kz» жаңа жылдан бері таңғалдырып жүр. Әп-сәтте турнир кестесіндегі жағдайын түзеп, қоржындарына тоғызыншы ұпайды салды. Ал басты сұрмергені Әбдіманап Кеңес кеше кезекті покерін жасап, сұрмергендер тізімінде бесінші орынға көтерілді.

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here