В лигасы. Үздік үштік қара үзді

0
329
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

«В» лигасының бас жүлдесіне таласатын дуэт бұған дейін де белгілі болып қойған. ДИиК МО РК мен «Elorda aqparat»-ты тоқтату қиын. Ал қола жүлдеден бірнеше команда үмітті еді. Дәл қазір ол да белгілі болып қалған сияқты. Басты бәсекелестерінің сүреңсіз ойындары «Хабар 24» командасын үздік үштіктен бір-ақ шығарды.

Кеше Хасан Ташенов бастаған «Хабар 24» маусымның басты аутсайдері «Aiqyn-Литер» командасымен кездесті. Аутсайдер деген аты ғана, әйтпесе «айқындықтар» да доп тебуді үйренген. Қазір ешкімге ұпайды оңайлықпен бере салмайды. «Хабар 24»-ке де әжептеуір қарсылық көрсетті. Тіпті, есепті де бірінші болып ашқан. Одан кейін де гол соғатын бірнеше мүмкіндіктері болды. Алайда Амангелді Сейітханға жылдамдық жетіспесе, Абылайхан Жұмашевтің тәжірибесі аздау болып жатты. Ал Асқар Ағатаев өзінде болған алты мүмкіндіктің біреуін ғана кәдеге жарата алды. Егер өз мүмкіндіктерінің, тым құрығанда, тең жартысын жүзеге асырғанда команда «Хабар 24»-тен де ұпай тартып алар еді. Бірақ бір ғана жігерлік аздық етеді екен, қанша дегенмен, «хабарлықтардың» тәжірибесі басымдау. Рауан Омархан мен Марат Тукатовтың дублі ойын тағдырын шешіп кетті. Қорытынды есеп – 5:2, «Хабар 24» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Ал қатарынан екі ойында жеңіліс тапқан «QAZSPORT» басты бәсекелесі «Хабар 24»-ті бес ұпайға ұзатып алды. Кеше «Elorda aqparat»-пен кездескен олар өте кеш оянды. Тым болмағанда бес минут бұрын қарқындарын қосқанда, бәлкім тең есепке де қол жеткізіп қалуға болар ма еді?.. Эльдар Аманбаевтың 40-шы минутта соққан екі голы жағдайды құтқара алған жоқ. Бұған дейін қақпаларынан үш доп алып шығуға мәжбүр болған. Сондықтан «Elorda aqparat» 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Дәл қазір басты спорттық арнамыздың намысын қорғап жүрген жігіттердің еншісінде 13 ұпай. Басты бәсекелестері «Хабар 24»-те 18 ұпай бар. Ал енді қос команданың алдағы қарсыластарын саралап көрейік. «QAZSPORT»-ты келесі турда «Aiqyn-Литер» күтіп тұр. Одан кейін ДИиК МО РК, «Qsport.kz» және «Мазмұндамамен» ойнайды. Нақты болжау қиын. Бірақ төрт турдан максималды жинайтыны – 9 ұпай шығар деп болжаймыз. Десек те, «Qsport.kz» пен «Мазмұндамаға» мұрын шүйіре қарауға болмайды.

Ал «Хабар 24»-ке келесі кездесуде «Қаламгерден» қайтаратын мүмкіндік туып тұр. Естеріңізде болса, бірінші айналымда дәл осы командадан 0:4 есебімен масқара болып жеңілген. Одан кейін «Qsport.kz», ДИиК МО РК және «Elorda aqparat» бар. Максималды алар ұпайы – төрт ойыннан 6 ұпай.

Енді қарапайым арифметика. Біздің қола жүлдеден үмітті қос команда туралы оптимистік болжамымыз орындалар болса, онда «QAZSPORT» маусымды 21 ұпаймен, ал «Хабар 24» 24 ұпаймен аяқтамақ. Кімнің жүлделі орындардан тыс қаларын осыған қарап өзіңіз-ақ сараптай беріңіз.

Дегенмен, «Qsport.kz» пен «Мазмұндаманы» да естен шығаруға болмайды. Алғашқылары кеше «Қаламгерді» ойсырата жеңді. Дегенмен «Қаламгер» де бұл ойынға мүлдем дайын болмай шықты. Үш ұпай алуға болатын матчқа бес-ақ ойыншымен келу – авантюраның басты белгісі шығар. Әлде, «Хабар 24»-ті жеңгеннен кейін «Қаламгер» ойыншылары өздерін әулие сезініп кетті ме екен? Неде болса, бұл ойында «Qsport.kz» мықты болған жоқ, «Қаламгер» әлсіздігін танытып алды. Ал екінші таймның екінші жартысында екі ойыншысы алаңнан қуылып, матчты үшеулетіп аяқтауға мәжбүр болды. Енді «Қаламгерге» ес жиып, келесі турға дайындалу керек. Өйткені, «Хабар 24» те оларға тіс қайрап жүр.

Бірінші турдың ең тартысты ойыны… ДИиК МО РК мен «Мазмұндама» арасында өтті. Күтпедіңіз бе мұндайды? Ешкім де күтпеген. Бірақ Шыңғыс Мұхан бастаған жігіттер көшбасшыларға лайықты қарсылық көрсетті. Бірінші таймда қорғанысқа жантайып жатып алып, тек қарымта шабуылдарға иек артқан олар үзіліске дейін біраз шабуылдар ұйымдастырған. Бірақ біреуін ғана голға айналдыра алды. Ал әлдеқайда тәжірибелі ДИиК МО РК бірінші таймның соңында автоголдың арқасында алға шығып, үзіліске дейін тағы бір гол соғып алды. Осылайша бірінші тайм Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі командасының пайдасына 2:1 есебімен аяқталған. Алайда екінші таймда «Мазмұндама» таңғалдыруын жалғастырып, 3:2 есебімен өздері алға шықты. Бұдан кейін шаршап қалды. Көп күш жұмсағаны байқалды. Оның үстіне, кейбір ойыншыларының ескі жарақаттары сыр беріп, қозғалыстары қиындады. Ал бірге-бірдің хас шеберлері саналатын ДИиК МО РК ары қарай тізгінді өз қолдарына алып, Қанат Базылхан қақпасын тағы бірнеше рет тесті. «Мазмұндама» сонда да қайтқан жоқ. Ойын соңына таман Дәурен Бабамұрат екі рет мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп – 7:5, ДИиК МО РК бұл ойынды да өз пайдаларына шешті.

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here