”В” лигасы тоғызыншы тур ойындарының таңдаулы құрамы жасалды

0
499
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Қанат БАЗЫЛХАН (Мазмұндама)

Бір матчтық дисквалификациясын өтеп шыққан Қанат Базылхан «Мазмұндама» үшін маңызды матчта командасына үш ұпай әперген жігіттердің қатарынан болды. Оның сейвтері серіктестеріне сенімділік сыйлап, ақ жейделілер «Қаламгерге» қарсы өткен кішігірім дербиді өз пайдасына шешті.

Қорғаушылар – Айхан ҒАЛЫМҰЛЫ (Elorda aqparat) мен Амангелді СЕЙІТХАН-дж (Мазмұндама)

Бесінші турда «Мазмұндамадан» жеңілгелі бері Айхан Ғалымұлы БАҚ лиганың ойындарынан қалмайтын болып жүр. Әр жолы командасын алға сүйреп жүрген қорғаушы алғы шепте де белсенді. Өткен турда «Aiqyn-Литер» қақпасына соққан екі голы қарсыластарын есеңгіретіп тастады.

БАҚ лиганың биылғы маусымын шабуылшы ретінде бастаған кіші Амангелді Сейітхан алаңдағы өз орнын енді таба бастаған секілді. Қазір қорғаныста. Бірақ артқы шепте ойнап та гол соғып жүр. «Қаламгерге» қарсы кездесуде джуниор латеральдің керемет үлгісін көрсетіп, дубль жасады.

Шабуылшылар – Марат ТУКАТОВ (Хабар 24) пен Алмас ЗИЯТОВ (ДИиК МО РК)

«В» лигасында өткен турдың орталық кездесуі «Хабар 24» пен «QAZSPORT» арасында өтті. Екі жақ та жеңіске лайықты еді. Тіпті, екі жақты да жеңіліске қимадық. Өздері де бір-бір ұпайдан бөлісіп алуға кетәрі болған жоқ. Тек Марат Тукатов келіспеді. Оның әр таймда соққан бір-бір голы матч тағдырын шешіп, «Хабар 24»-ке маңызды жеңіс сыйлады.

Ал Алмас Зиятовтың әрдайым үздіктер қатарынан орын алып жүргеніне үйреніп те қалдық. «Сақшы» газетінің тілшісі «Qsport.kz» қақпасына покер жасап, биылғы маусымда соққан голдарының санын 18-ге жеткізді. Сәйкесінше, ДИиК МО РК да 27 ұпаймен турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келеді.

Резерв:

Қақпашы – Саят САБЫРБАЕВ (Хабар 24).

Қорғаушылар – Мұхтар ЫБЫРАЙЫМ (Мазмұндама), Айбек РАХЫМОВ (Elorda aqparat).

Шабуылшылар – Олжас ЖАҚЫПБЕК (Qsport.kz), Ғани НҮСІПОВ (ДИиК МО РК).

«В» лигасының таңдаулы құрамымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here