В лигасы. Бірінші орын – !, екінші орын – !, үшінші орын – ?

0
375
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Биыл қола жүлдеге QAZSPORT пен «Хабар 24» командалары таласып жатыр. Кеше командалар өзара тағы кездесті. Тағы дейтініміз, бірінші айналымда спорттық арнаның журналистері 4:2 есебімен басым түскен. Бұл жолы да QAZSPORT фаворит еді. Оның үстіне, кейінгі кездері команда жаңа бапкердің жетекшілігімен жаттығып жүр. Алайда бас бапкер де көмектесе алмады, комментаторлар да түк бітірген жоқ. Жаттықтырушысыз-ақ жаттығып жүрген «Хабар 24» қорғаныста өте сауатты ойнап, шабуылда мүмкіндіктерін жібермеді. Жеңіске деген жігері қарсыластарынан басым болып, ақыры соңында Марат Тукатов соққан голдың нәтижесінде 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс оларды басты бәсекелестерінен ұзата түсіп, қола жүлденің ауылын жақындатты.

Сыртқа аса білдіре бермегенімен қола жүлдеден «Мазмұндама» да дәмелі. Рас, бұл үшін оларға QAZSPORT пен «Хабар 24»-тің жиі сүрінгені қажет. Бірақ өздері де қарап қалмауы тиіс. Кеше олар «Қаламгермен» кездесті. Айта кету керек, Журналистер лигасында бұл текетіресті «кішігірім дерби» деп те жүр. Оның өз себебі бар. Бір кездері қос команда бір ұжым болған. Алайда адам саны артып бара жатқан соң жартысы бөлініп, «Мазмұндама» деген жаңа команда құрылды. Шынтуайтында «Қаламгердің» екінші командасы деген пікір қалыптасқан. Дегенмен бұрынғы «Қаламгердің» қаймақтары қазір «Мазмұндамада» ойнайды дейтіндер де көп. Иә, бір-бірін мойындай бермейді. Әрқайсысы өз мықтылығын дәлелдегісі келіп жүреді. Текетірестері сонысымен де қызық. Кешегі матчтың да алдында қос команда жетекшілері өз ойыншыларын әбден қайрағаны айтпаса да түсінікті. Ал ойын таблода 6:2 есебі тіркелгеніне қарамастан қызықты өтті. «Мазмұндама» кем құрамда қалып қойып та, қарсыластарының шабуылдарына төтеп берді де, қорғаныста сауатты, шабуылда ширақ қимылдағандарының арқасында ірі есепке қол жеткізді. Бұл жеңіс «Мазмұндаманың» турнир кестесіндегі жағдайына аса өзгеріс әкелген жоқ.

Ал көш басындағы ДИиК МО РК командасының аялдайтын сыңайы жоқ. Қарсы шыққанның бәрін жайпап келеді. Голға ашқарақ ұжым екен, әр матчта ойсырата жеңбесе іштері ауыра ма деп те сұрайтын жанкүйерлер көп. Расымен де ДИиК МО РК биылдыққа әр матчта бесеуден кем гол соғып жүрген жоқ. Үздік сұрмергендер ондығында осы команданың үш ойыншысы болуы да соның көрінісі болса керек. Кеше де олар «Qsport.kz» командасын аяған жоқ. Қарсыластар сапындағы Олжас Жақыпбек жасаған хет-трикке 11 тура соққымен жауап берді.

Олардың ізін қуып келе жатқан «Elorda aqparat» та кешегі кездесуін жеңіспен аяқтады. Бірақ жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша жерден аутсайдер саналғанымен «Aiqyn-Литер» өзін сыйлата білетін команда. Әсіресе бірінші таймда. Одан кейін құрметті қарсыласына көрсетеді. Бұл жолы да солай болды. Ойынның бірінші жартысында «Elorda aqparat» жігіттерінің жүйкелерін біраз жұқартқан олар қарсыластарының үш голына екі тура соққымен жауап бере алды. Алайда үзілістен кейін баяғы әдетіне салып, 3:7 есебімен ұтылды.

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here