Тәртіптік-Бақылау комитеті сегіз командаға шара қолданды

0
398
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

№9

БАҚ лига «В» лигасының 7-ші туры аясындағы «Elorda aqparat» – ДИиК МО РК матчы барысында спортқа жат әрекеті үшін «Elorda aqparat» командасының ойыншысы Елтай Нұрғазин (№6) БАҚ лиганың екі ойынынан аластатылып, 3 АЕК (7575 теңге) айыппұл салынды. Екі матчтық дисквалификацияның біреуін өтеп қойғанын ескерсек, ойыншы енді командасының БАҚ лига аясындағы алдағы 1 (бір) ойынына қатыса алмайды.

Шешім 2020 жылдың 05 ақпанынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 2020 жылдың 12 ақпанына дейін төленуі тиіс.

№9

БАҚ лига «А» лигасының 8-ші туры аясындағы «Qazaq radiolary» – «Қазмедиа» командалары арасындағы матчта алаңнан қуылған «Qazaq radiolary» командасының ойыншысы Ершат Қожатаев (№4) командасының БАҚ лига аясындағы алдағы 1 (бір) ойынынан аластатылды.

Шешім 2020 жылдың 05 ақпанынан бастап күшіне енеді.

№10

«А» лигасының ойындары барысында сары қағаздарының саны үшеуге жеткен «Kazaknews.kz» командасының ойыншысы Әбдіманап Кеңес (№9) командасының БАҚ лига аясындағы алдағы 1 (бір) ойынынан аластатылды.

Шешім 2020 жылдың 05 ақпанынан бастап күшіне енеді.

№11

БАҚ лига Тәртіптік-бақылау комитетінің 2019 жылдың 28 желтоқсаны күнгі №4 шешіміне байланысты айыппұлды төлемегені үшін «Егемен Қазақстан» командасын турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайынан айыру туралы шешім шығарылды.

Егер 2020 жылдың 12 ақпанына дейін берешектерін өтеген жағдайда Команданың турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайы қайтарылады. Егер аталмыш мерзімге дейін берешегін өтемесе, Командаға қосымша санкция қолданылады.

№12

БАҚ лига Регламентіне сәйкес VII маусымның қатысу жарнасын толық төлемегендері үшін «Kazaknews.kz», «National Geographic Qazaqstan», «QAZSPORT», «Qsport.kz», «Астана ТВ», «Егемен Қазақстан», «Спорт 59», «Хабар», «Хабар 24», командаларын турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайынан айыру туралы шешім шығарылды.

Егер 2020 жылдың 12 ақпанына дейін берешектерін толық өтеген жағдайда Команданың турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайы қайтарылады. Егер аталмыш мерзімге дейін берешегін өтемесе, Командаға қосымша санкция қолданылады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

 

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here