Қақпашы – Алексей ЕФИМЕНКО (Астана ТВ)
Алексей Ефименко маусым басындағыдай емес, қазір әбден піскен. Бұл бірінші кезекте «Астана ТВ» капитаны Адлет Құсайыновтың еңбегі деп білеміз. Ал «National Geographic Qazaqstan» командасына қарсы өткен кездесуде Ефименко кезекті рет өз мықтылығын дәлелдеп, бірнеше сейв жасады. Ал екінші таймда тез шешім қабылдап, әдемі гол соқты да, өз «Астана ТВ»-ға түбегейлі жеңіс сыйлады.
Қорғаушы – Едіге ЕРЖАН (Спорт 59) мен Ернұр ДОСЖАНОВ (Астана ТВ)
Қысқы трансферлік кезеңде «Спорт 59» сапын толықтырған Едіге Ержаннан командаластары көп үміт күткен. Әлі де сенеді. Бірақ бұған дейінгі екі турда Едігенің ойыны жүрген жоқ. Ал бұл жолы тепкен екі добы да қақпа торында тулап жатты. Бұдан бөлек, қорғаныс шебінде де жақсы ойнап, «Егемен Қазақстанның» Қолғанат Салиннан басқа ойыншыларын өткізбеді.
Клод Макелеле, Нголо Канте, Федерико Вальверде және Ернұр Досжанов – бұл ойыншыларды не біріктіреді? Жауап бетінде қалқып тұр. Көпшіліктің көзіне аса көріне бермейді, бірақ алаңдағы атқаратын жұмыстары орасан. «National Geographic Qazaqstan» командасына қарсы ойында да Ернұр өз командасының негізгі ойыншысы болып, қорғаныста сақ ойнаса, шабуылда әріптестеріне пас жеткізіп отырды.
Шабуылшылар – Дәурен ЖОЛДАСОВ (Qazaq radiolary) пен Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар)
Иә, өзге командаластарынікі секілді, өткен турда Дәурен Жолдасовтың ойыны бірінші таймда жүрген жоқ. Жиі қателесіп жатты. Тіпті, аяғындағы доптан айрылып қалып, Құмарбек Азаттың гол соғуына мүмкіндік беріп қойды. Алайда одан кейін Дәуренді тоқтату мүмкін болмады. Оның екі голы ойын тағдырын шешіп кетті. Сондай-ақ, командасына алтыншы фол әперді. Бұл да аз десеңіз, Ершат Қожатаевтың кімді шалып, қызыл қағаз алғанын еске түсіріңіз.
Ал Әлішер Келгенбайды тоқтату мүмкін болмай тұр. Егер осы маусымды толықтай есепке алар болсақ, Әлішер тек «Qazaq radiolary»-на ғана гол соқпаған екен. Оның өзінде, «Хабар» шабуылшысы ол матчқа қатыспаған. Ал өткен турда сұрмерген «Kazaknews.kz» қақпасын алты рет тесті.
Резерв:
Қақпашы – Нұрбол САМАТ (Qazaq radiolary).
Қорғаушылар – Руслан ТӘУІРШЕ (Спорт 59), Елдос ӨМІРХАН (Qazaq radiolary).
Шабуылшылар – Қолғанат САЛИН (Егемен Қазақстан), Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар).
«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:
БАҚ лиганың ресми суы – TURAN
БАҚ лига VII маусымының серіктестері:
«Halva» кафесі, Life football дүкені