J league. «Qalamger» жеке-дара көш бастады

0
394
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Ірі есеп тіркелді

BAQ united – 7SU News 3:10

Екінші турда «BAQ United» «7SU News» командасымен кездесіп, 3:10 есебімен ойсырай жеңілді. Біріншіліктің алғашқы ойынында жеңіліс тапқан Санат Мұратов бастаған жігіттер бұл жолы аянып қалмады. Салған жерден шабуылға шығып басымдықты өз иелігінде ұстады. Жүйелі шабуылдың арқасында «7SU News» командасының капитана Санат Мұратов қарсыластар қақпасына алты доп енгізіп мергендер көшін бастады. Сонымен қатар, Шыңғыс Ауғанбайұлы «дубль» жасаса, Әлішер Нұржанов пен Азат Жұмахан бір-бір голдан енгізді. Жеңілістің иісін сезген «BAQ United» командасы не бел, не белбеу кеткенше деген ұранды ұстанып, бар күшін шабуылға жұмылдырды. Нәтижесінде, Думан Алтынбекұлы екі голдың авторы атанды. Сондай-ақ, Медет Жұмабай мергендігімен танылды.

“Vip Pressтің” алғашқы жеңісі

Vip Press – Taldy Paris 3:1

Біріншіліктің орталық ойынында  “Vip Press” “Taldy Paris” командасымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойын тартысқа толы болды. Төреші ысқырығы шалына салысымен “Vip Press” командасы қарсыластар қақпасына лап қойып, алғашқы минутта есеп ашты. Мергендігімен Алмас Мырзахметов танылды. “Taldy Paris” командасы да қарап қалған жоқ. Жүйелі шабуылдар жасап, іле-шала есепті теңестірді. Голдың авторы – Азамат Шедімбай.  Ойынның алғашқы бөлігі 1:1 есебімен тең аяқталды.

Кездесудің екінші жартысында тек “Vip Press” аяқдопшылары гол соқты. Әуелі, Бекзат Қажымұқан командасын алға шығарса, Алмас Мырзахметов есепті еселеді. “Taldy Parisдің” есепті қысқартатын мүмкіндігі болды. Бірақ, қанша шабуылдаса да Дамир Ещанов қорғаған қақпадан саңлау таба алмады. Тіпті ойын соңында төреші белгілеген пенальтиді соға алмады. Самат Есентайұлының соққысын қайтарған Дамир Ещанов екінші турдағы “Үздік қақпашы”, Ілияс Сайлаубайұлы “Үздік қорғаушы” атанды.

Екінші жеңіліс

Sport Media – Qalamger 1:3

Өткен маусымда чемпион атанған «Sport Media» командасы екінші ойын қатарынан жеңіліс тапты. Алдыңғы жолы «Baq Unaited» командасына есе жіберсе, осы жолы «Qalamger» командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы минуттан-ақ ойынның көркі қызып, ала доп аяқтан аяқа көз ілестірмес жылдамдықпен алмасты. «Sport Media» командасы шапшаң шабуылға көшіп, есепті ашуға барын салды. «Qalamger» командасының қақпашысы Қуаныш Ожаровтың қате берілген пасынан «Sport Media»-ның шабуылшысы Мұрат Өмірғалиев алғашқы голды салды. Осыдан кейін қорғанысқа көшкен «Qalamger»-ліктер тұтқиылдан, күтпеген жерден ара-тұра шабуылға да шықты. Осының арқасында Айдар Қалиевтің салған екі голыннан кейін «Qalamger» жеңіске бір тапбан жақындады. Қарсылас команда қанша тырысқанымен есепті теңестіре алмады. Керісінше ойынның соңғы минуттарында «Qalamger» командасының қорғаушысы Жанболат Кеңшілік есепті 3:1 қылды. Осы маусымның екінші ойынының нәтижесі бойынша «Qalamger» командасы 6 ұпаймен бірінші орыннан көрсінсе, «Sport Media» команласы 0 ұпаймен соңғы орында тұр.

J лиганың хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here