”А” лигасы. Жетінші турдың таңдаулы құрамы түзілді

0
370
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Мирас ҚАЙЫРХАН (Қазмедиа)

Футбол ардагерлері жақсы біледі, өткен ғасырдың соңғы 10 жылдығында Петер Шмейхел деген қақпашы жасындай жарқылдаған. Қолмен де, аяқпен де жақсы ойнайтын. Бір қызығы, аяқдоп әлеміне тасқамал қақпашы ретінде танымал болған ол жасыл алаңдағы карьерасын шабуылшы ретінде бастап, тіпті жарты маусымның ішінде 6 гол да соғып үлгерген. «Қазмедианың» қазіргі қақпашысы Мирас Қайырханның да дат киперімен ұқсастығы көп. Ол да қолына қақпашы қолғабын кейінірек киді. Ал биыл тәжірибе жинап, «А» лигасындағы үздік голкиперлердің бірі болып тұр. «Астана ТВ» командасына қарсы ойында да Мирас Қайырхан керемет сейвтерімен көзге түсіп, командасына жеңіс әперген жігіттердің бірі ретінде есте қалды.

Қорғаушылар – Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ (Qazaq radiolary) мен Данияр РАМАЗАНОВ (Kazaknews.kz)

«Егемен Қазақстан» командасына қарсы ойында Назар Найзабекұлы алаңға шығамын деп ойлаған жоқ. Білетіндер аз-кем жарақаты болғанын айтады. Алайда «Qazaq radiolary» матчқа толық құрамда келмегендіктен киім ауыстыруға мәжбүр болды. Бекер емес екен. Қорғанысты тас етіп, шабуылда екі гол соқты.

Өткен маусымда «В» лигасында аса көзге түсе бермеп еді, биыл Данияр Рамазанов командасының негізгі көшбасшыларына айналды. Тур сайын өзіне деген сенімділігі де күшейіп келеді. «Спорт 59»-ға қарсы да жақсы қырынан көрініп, қорғаныста өте сауатты ойнады. Ал оның өз айып алаңынан соққан голы қарсыластарының сағын сындырды.

Шабуылшылар – Бақытжан МАСАҚОВ (Qazaq radiolary) пен Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар)

Кім біледі, егер Бақытжан Масақовтың жылдам екі голы болмағанда ойын арнасы мүлдем басқа бағытта өрбитін бе еді?.. Алайда 11-ші нөмірлі шабуылшының голдарынан кейін «егемендіктер» сол күйі ес жия алмай кетті. Бұдан бөлек, Масақов өзге әріптестеріне де ассистік қызмет атқарып, гол соғуға жағдай жасап берді.

Жеті ойында 18 гол. Әлішер Келгенбайды тоқтату мүмкін болмай тұр. «National Geographic Qazaqstan» қақпасына да пента-трик жасады. «Басқа-басқа, бекер Әлішердің ашуына тидік», – деп «Табиғат жыршылары да ойын соңында өкініп қалды.

Резерв:

Қақпашы – Бекхан САЛЫҚОВ (Kazaknews.kz).

Қорғаушылар – Асқар МҰХТАРОВ (Қазмедиа), Шыңғыс ЕРҒАЛИЕВ (Хабар).

Шабуылшылар – Нұрбол ТҰРСЫНБАЕВ (Қазмедиа), Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар).

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here