«Хабар» кеше «National Geographic Qazaqstan» командасымен кездесіп, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен ойынды «Табиғат жыршылары» сәтті бастаған. Кезекті қарымта шабуылдардың бірінде Тимур Айтмұханбетовтің алыстан тепкен добы голға айналды. «Хабар» көп қиналмады. Әлгі гол Әлішер Келгенбайдың ашуына тиіп кетсе керек, пента-трик жасап, қарсыластарның салын суға кетірді. Оның қасында Нұрсұлтан Қабылбек көрінбей қалғанымен капитанның ассистік қызметін де айтпай кетуге болмайды. Өзі де бір гол соқты. Ал «National Geographic Qazaqstan» қанша тырысқанымен шамалары жеткені үш гол болды. Оның екеуі «Табиғат жыршыларының» «Каземиросы» Тимур Айтмұханбетовтің еншісінде.
«Хабардан» «Qazaq radiolary» да қалысар емес. Ал гол айырмашылығы жөнінен олар басты бәсекелестерін артта қалдырып, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Кеше олар «Егемен Қазақстан» командасының қақпасына жауапсыз алты гол соқты. Назар Найзабекұлы мен Бақытжан Масақов дубльдан жасаса, тағы екі голды Ержан Жүніс пен Жандос Манашев өз еншілеріне жазды.
«Хабар» мен «Qazaq radiolary»-нан Олардың жеті ұпай қалып, үшінші орында «Қазмедиа» келеді. Аса тартысты өткен ойында олар кеше Адлет Құсайынов бастаған «Астана» телеарнасының ұжымын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Алдымен Асқар Мұхтаров пенальтиден есеп ашқан. Екінші тайм бастала салысымен Сәбит Байхонов таразы басын теңестіргенімен арада бір минут өтер-өтпестен қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланған Нұрбол Тұрсынбаев «Қазмедианың» екінші голын соқты. Соңында белгілі болғандай, бұл осы матчтың нүктесін қойған жеңіс голы екен.
Ал «Kazaknews.kz» қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, «Хабар», қайда? Әкеліңдер бізге «Хабарды» деп масайрап жүр. Кеше «Спорт 59» командасымен кездескен олар қарсыластарын 4:1 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша турнир кестесінде 7-ші орынға көтеріліп, «Спорт 59»-ды артта қалдырды.
«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:
БАҚ лиганың ресми суы – TURAN
БАҚ лига VII маусымының серіктестері:
«Halva» кафесі, Life football дүкені