Жетісуда футзалдан БАҚ өкілдерінің бәсекесі басталды

0
420
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Біріншіліктің ашылу салтанатында Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спортты дамыту және ұлттық спорт бөлімінің басшысы Алмат Үшкемпіров, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев сөз алып, шығармашылықтың қазанында қайнаған қаламгерлердің дүрмекті додасы жоғарғы деңгейде өтсін деген тілек білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бірінші турда «7su News» командасы «Taldy Paris» командасына 2:4 есебімен ұтылса, «Qalamger» «Vip Press» командасын 5:3 есебімен ұтты. Ал «Baq Unaited» бірінші маусымның чемпионы «Sport Media» командасын 4:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, журналистер екі ай бойы «Жастар – 2» спорт залында ала допты ұршықша иіреді. Жарыс он турға созылды. Яғни, алты команда бір-бірмен екі кездесу өткізді.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here