”В” лигасы бесінші турының таңдаулы құрамы түзілді

0
321
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Қанат БАЗЫЛХАН (Мазмұндама)

Матчтан кейін «Мазмұндама» қақпашысына қарсыластарының өздері қол соғып, QAZSPORT капитаны Ермек Төрениязов БАҚ лиганың Баспасөз қызметіне берген сұхбатында атап өтті. Расымен де Қанат Базылхан соңғы кездері «Мазмұндаманың» мазмұнды ойынының кепілі болып жүр. Ал өткен турда командасын көптеген қауіпті шабуылдардан құтқарып, тең нәтиже әперді.

Қорғаушылар – Әлішер МҰҚАЖАН (Aiqyn-Литер) мен Айхан ҒАЛЫМҰЛЫ (Elorda aqparat)

Әлішер Мұқажан «Qsport.kz» командасына қарсы алаңға шығам деп ойлаған жоқ еді. Формасын өзімен бірге алып келсе де, аздап тұмауратып тұрған ол командаластарына алаң жиегінен қолдау көрсетпек болған. Алайда Всеволод Хван қызыл қағаз алғаннан кейін Әлішерге киім ауыстыруға тура келді. Нәтижесінде қорғана жүріп дубль жасап, командасына 196 күн күткен жеңісті сыйлады.

Ал көптен алаңға шықпаған Айхан Ғалымұлы «Хабар 24»-ке қарсы ойынды бірден қарқынды бастады. Екінші минутта-ақ есеп ашып, екінші таймда тағы бір гол соқты. Қорғаныста да қарсыластарының адымын аштырған жоқ.

Шабуылшылар –  Мәди ЫСҚАҚОВ (Elorda aqparat) пен Николай КРУЖАЛЬСКИЙ (ДИиК МО РК)

Сырт көзге Мәди Ысқақовтың ойыны да, голдары да аздап ебедейсіздеу көрінетін шығар. Бірақ 77-ші нөмірлі сұрмерген «Хабар 24» қақпасына хет-трик жасап, командасының ірі есеппен жеңіске жетуіне зор септігін тигізді. Қазір «Elorda aqparat»-тың негізгі құрамын бұл ойыншысыз елестету қиын.

Өткен турда ДИиК МО РК командасына «Қаламгердің» қақпасынан саңылау табу оңай болған жоқ. Қарсыластары бірінші таймда жақсы қорғанды. Алайда Алмас Зиятовтың тура соққысы бар және Николай Кружальскийдің дриблингтері қосылып, бар проблеманы көп ұзамай шешіп тастады. Жалпы, Кружальскийдің хет-тригі және нәтижелі пастары оны өзгелерден ерекшелендіріп тұрды.

Резерв:

Қақпашы – Мадияр ҚОЖАБЕК (Aiqyn-Литер).

Қорғаушылар – Елтай НҰРҒАЗИН (Elorda aqparat), Эльдар АМАНБАЕВ (QAZSPORT).

Шабуылшылар – Дәурен БАБАМҰРАТ (Мазмұндама), Алмас ЗИЯТОВ (ДИиК МО РК).

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here