”А” лигасы. Алтыншы турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
418
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар)

Айбек биыл бабында. Өткен турда да командасын көптеген қауіптерден құтқарып, «Астана ТВ» шабуылшыларын әбден сан соқтырды. Қарсыластары бұл ойында бір-ақ гол соға алған болса, ол олардың әлсіздігі емес, Айбек Қабылшаның шеберлігі мен жанкештілігі. Ал Адлет Құсайыновтың тепкен әлгі добын Икер Касильястың да қайтаруы неғайбыл еді.

Қорғаушылар – Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар) мен Ершат ҚОЖАТАЕВ (Қазмедиа)

«Астана ТВ» сапында допты ұршықша иіретін ойыншылар көп. Аяқтарынан допты оңайлықпен тартып ала алмайсың. Бірақ бәрінің де Нұрсұлтан Құрманға келгенде амалдары құрыды. «Хабар» капитанын айналып өте алмай, пұшайман болды.

«Қазмедиа» үшін өткен тур оңай болған жоқ. «National Geographic Qazaqstan» оңай шағылар жаңғақ емес. Шабуылшылары да мықты. Алайда «Қазмедиа» сапындағы Ершат Қожатаевты ешкіммен қорқыта алмайсың. 8-ші нөмірлі қорғаушы әдеттегідей бұл ойынды да тамаша өткеріп шықты.

Шабуылшылар – Жандос МАНАШЕВ (Qazaq radiolary) пен Әбдіманап КЕҢЕС (Kazaknews.kz)

Бұл – шабуылшылардың көсіле шапқан туры болды. «Хабардағы» Әлішер Келгенбай мен Нұрсұлтан Қабылбек, «Qazaq radiolary»-нан Ержан Жүніс, «Қазмедиадан» Мирас Жақып – қай-қайсысын болса да, үздік деп тануға болар еді. Дегенмен таңдаулы команданың негізгі құрамына Жандос Манашев пен Әбдіманап Кеңесті таңдап отырмыз. Бірі пента-трикпен көзге түссе, екіншісі хет-трик жасап, өз командасына «А» лигасының алғашқы жеңісін сыйлады.

Резерв:

Қақпашы – Мирас ҚАЙЫРХАН (Қазмедиа),

Қорғаушы – Елдос ӨМІРХАН (Qazaq radiolary), Арай ІЗБАЙ (National Geographic Qazaqstan).

Шабуылшылар – Ержан ЖҮНІС (Qazaq radiolary), Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар).

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here