«Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Elorda aqparat» компаниясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан БАҚ лиганың VII маусымы 19 қаңтарда қайта жалғасады. Осы орайда, жаңа жылдық үзіліс ретінде бір айлық демалыста командалар үшін трансферлік терезе ашылған болатын.
Сонымен, 2019 жылдың 23 желтоқсанынан 2020 жылдың 15 қаңтарына дейін созылған науқанда БАҚ лигада барлығы 21 трансфер тіркеліпті. Оның 10-ы «А» лигасына тиесілі болса, 11-і «В» лигасындағы өзгерістер. Соның ішінде «А» лигасынан «В» лигасына екі ойыншы өткен болса, кері бағытта бір футболшы жол тартқан.
БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:
БАҚ лиганың ресми суы – TURAN
БАҚ лига VII маусымының серіктестері:
«Halva» кафесі, Life football дүкені