”В” лигасы. Бесінші турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
432
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Назарларыңызға Журналистер біріншілігі 5-ші тур ойындарының қорытындысы бойынша жасалған «В» лигасының таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Қанат БАЗЫЛХАН (Мазмұндама)

«Elorda aqparat» командасын 5:2 есебімен жеңген «Мазмұндама» бесінші турда керемет сенсацияға қол жеткізді. Ал осы жеңістің сонар басында Қанат Базылхан тұрды. «Мазмұндама» қақпашысы командасын қауіпті шабуылдардан ғана құтқарып қойған жоқ, әріптестерін сауатты басқарып, ойын тізгінін толығымен өз қолында ұстады.

Қорғаушылар – Әлішер ӨМІРЗАҚ (Мазмұндама) пен Айғали ҚАДЫРОВ (ДИиК МО РК)

Жалпы,  «Elorda aqparat»-қа қарсы «Мазмұндаманың» барлық ойыншылары өте сауатты ойнады. Дегенмен таңдаулы құрам бір ғана команданың ойыншыларынан құралмайтыны белгілі. Әйтпесе, «А» лигасында әр турдың таңдаулысын «Хабардың» бестігі, «В» лигасында ДИиК МО РК ойыншылары құрайтын еді. «Мазмұндамадан» Әлішер Өмірзақты қосуды жөн көрдік және ол «dream team»-ге әбден лайық ойын өрнегін көрсетті. Әдетте шабуыл шебінде ойнайтын Әлішер бұл жолы қорғанысқа жауап беріп, қарымта шабуылдардың нәтижесінде екі гол соқты.

Айғали Қадыровтың да алғырлығын айтпай кетпеске болмайды. «QAZSPORT»-пен болған ойында оның жылдам голы матч тағдырын шешіп тастады десек те болатын шығар. Өйткені, осыдан кейін спорттық арнаның ойыншылары өздеріне келе алмай, екінші таймның ортасына дейін дел-құлы жүрді.

Шабуылшылар – Шыңғыс МҰСА (Хабар 24) мен Расул ҚАСЫМХАН (Қаламгер)

Қатарынан екі ойында жеңілістің кермек дәмін татқан «Хабар 24» енді ғана есін жиды. Өткен турда олар «Qsport.kz» командасын 2:0 есебімен жеңіп, турнир кестесіндегі жағдайларын түзеп алды. Ал бәрін бастаған Шыңғыс Мұса. Ойынның 10-шы минутында күтпеген жерден тепкен добы тура қақпаның жақын бұрышынан табылды. Бұдан бөлек Шыңғыс 40 минут бойы өте белсенді болып, «Qsport.kz» қорғаушыларын жиі қыспаққа алу арқылы қателестіріп жатты.

«Қаламгер» – «Aiqyn-Литер» кездесуінде жанкүйерлердің көпшілігі газет командасынан жеңіс күткен. Дегенмен Расул Қасымханның дублі қарсыластарының барлық жоспарын жоққа шығарды. Жалпы, әріптесі Арлан Түлкібаевпен тандем құрған Расул бұл ойында өте белсенді болып, «айқындық» қорғаушылардың адымын аштырмады.

Резерв:

Қақпашы – Хасан ТАШЕНОВ (Хабар 24).

Қорғаушылар – Аслан МЫҢБАЕВ (Хабар 24), Еркін ШӘКІР (Мазмұндама).

Шабуылшылар – Николай КРУЖАЛЬСКИЙ (ДИиК МО РК), Арлан ТҮЛКІБАЕВ (Қаламгер).

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here