Тәртіптік-бақылау комитеті жылдың соңғы шешімдерін шығарды

0
383
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

БАҚ лига Тәртіптік-бақылау комитетінің мәжілісі өтіп, шағын футболдан БАҚ лиганың 4-ші және 5-ші турларындағы мәселелер жайлы бірқатар шешімдер шығарылды.

№4

БАҚ лига «А» лигасының 4-ші туры аясындағы «Егемен Қазақстан» – «National Geographic Qazaqstan» матчы барысында төрешінің ысқырығынан кейін төрешіге физикалық әрекет көрсетіп, алаңнан қуылған «Егемен Қазақстан» командасының ойыншысы Қолғанат Салин (№9) БАҚ лиганың 3 (үш) матчынан аластатылып, 5 АЕК (12 625 тг) көлемінде айыппұл салынды. Үш матчтық дисквалификацияның біреуін өтеп қойғанын ескерсек, енді командасының БАҚ лига аясындағы алдағы 2 (екі) ойынына қатыса алмайды.

Шешім 2019 жылдың 28 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. Айыппұл 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін төленуі тиіс.

№5

БАҚ лига «В» лигасының 5-ші туры аясындағы «Мазмұндама» – «Elorda aqparat» командалары арасындағы матчта алаңнан қуылған «Elorda aqparat» командасының ойыншысы Ернар Сатанов (№10) командасының БАҚ лига аясындағы алдағы 1 (бір) турынан аластатылды.

Шешім 2019 жылдың 28 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

№6

БАҚ лига «В» лигасының 5-ші туры аясындағы «QAZSPORT» – «ДИиК МО РК» командалары арасындағы матчта алаңнан қуылған «ДИиК МО РК» командасының ойыншысы Нұржан Тұрапов (№1) командасының БАҚ лига аясындағы алдағы 1 (бір) турынан аластатылды.

Шешім 2019 жылдың 28 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

№7

А) БАҚ лига Тәртіптік-бақылау комитетінің 10 қыркүйек күнгі №30-А шешіміне байланысты айыппұлды төлемегені үшін «Qazaq radiolary» командасын турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайынан айыру туралы шешім шығарылды.

Егер 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін берешектерін өтеген жағдайда Команданың турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайы қайтарылады.

Егер аталмыш мерзімге дейін берешектерін өтемеген жағдайда БАҚ лига Тәртіптік Регламентіне сәйкес Командаға қосымша айыппұл салынады. Егер сонда да шешім орындалмаған жағдайда Команда және оның Мүшелері БАҚ лигадан аластатылып, келесі маусымға қатысу құқығынан айрылады.

В) БАҚ лига Тәртіптік-бақылау комитетінің 27 қараша күнгі №1 шешіміне байланысты айыппұлды төлемегені үшін «Qsport.kz» командасын турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайынан айыру туралы шешім шығарылды.

Егер 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін берешектерін өтеген жағдайда Команданың турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайы қайтарылады.

Егер аталмыш мерзімге дейін берешектерін өтемеген жағдайда БАҚ лига Тәртіптік Регламентіне сәйкес Командаға қосымша айыппұл салынады. Егер сонда да шешім орындалмаған жағдайда Команда және оның Мүшелері БАҚ лигадан аластатылып, келесі маусымға қатысу құқығынан айрылады.

C) В) БАҚ лига Тәртіптік-бақылау комитетінің 27 қараша күнгі №2 шешіміне байланысты айыппұлды төлемегені үшін «Спорт 59» командасын турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайынан айыру туралы шешім шығарылды.

Егер 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін берешектерін өтеген жағдайда Команданың турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайы қайтарылады.

Егер аталмыш мерзімге дейін берешектерін өтемеген жағдайда БАҚ лига Тәртіптік Регламентіне сәйкес Командаға қосымша айыппұл салынады. Егер сонда да шешім орындалмаған жағдайда Команда және оның Мүшелері БАҚ лигадан аластатылып, келесі маусымға қатысу құқығынан айрылады.

D) БАҚ лига Тәртіптік-бақылау комитетінің 2 желтоқсан күнгі №3 шешіміне байланысты айыппұлды төлемегені үшін «Хабар» командасын турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайынан айыру туралы шешім шығарылды.

Егер 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін берешектерін өтеген жағдайда Команданың турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайы қайтарылады.

Егер аталмыш мерзімге дейін берешектерін өтемеген жағдайда БАҚ лига Тәртіптік Регламентіне сәйкес Командаға қосымша айыппұл салынады. Егер сонда да шешім орындалмаған жағдайда Команда және оның Мүшелері БАҚ лигадан аластатылып, келесі маусымға қатысу құқығынан айрылады.

№8

БАҚ лига Регламентіне сәйкес VII маусымның қатысу жарнасын толық төлемегендері үшін «Elorda aqparat», «Kazaknews.kz», «National Geographic Qazaqstan», «Qazaq radiolary», «QAZSPORT», «Qsport.kz», «Астана ТВ», «Егемен Қазақстан», «Қазмедиа», «Қаламгер», «Спорт 59», «Хабар», «Хабар 24», командаларына қатаң ескерту жасалды. Аталмыш командаларға жарнаны толық мөлшерде 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін төлеу міндеттелді.

Егер аталмыш мерзімге дейін жарна төленбеген болса, автоматты түрде команданың турнир кестесіндегі 3 ұпайы шегеріледі. Келесі күнтізбелік 10 тәулік ішінде қарыздарын өтеген жағдайда ғана ұпайлары қайтарылады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here