Бесінші турдың үздік ойыншылары анықталды

0
418
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша, «В» лигасының үздігі болып «Мазмұндама» командасының ойыншысы Әлішер Өмірзақ танылды. «Elorda aqparat» командасына қарсы ойында Әлішер қорғаныс шебіне жауап беріп, өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындады. Сондай-ақ, екінші таймда екі рет қарсыластарынан допты алып қойып, алға атойлады да, екі гол соғып «Мазмұндамаға» өте маңызды жеңісті сыйлады. Оған «HALVA» кафесінің 3 000 теңгелік сертификаты табысталады.

Ал «А» лигасының үздік ойыншысы атағы «Қазмедиа» шабуылшысы Құмарбек Азатқа бұйырды. «Спорт 59» командасына қарсы ойында көсіле шапқан шабуылшы пента-трик жасап, қарсыластарын бет қаратпады. Оның 5 голынан кейін «Спорт 59» сол күйі ес жия алған жоқ. Оған «HALVA» кафесінің 5 000 теңгелік сертификаты табысталады.

Отбасылық халал кафе санатына жататын HALVA елордамыздың оң жағалауындағы Күйші Дина көшесінде орналасқан. Мұнда сізді әуезді музыка, жайлы орындар мен сыпайы даяшылар күлімдеп қарсы алады. Түскі кешендік астар да қарастырылған. Ас мәзірі мен бағасы да көз қуантады. Сондай-ақ, бизнес өкілдері үшін ресми және бейресми келіссөздер жүргізуге де таптырмас орын. Бұдан бөлек, арнайы банкет залы да бар.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here