”В” лигасының 4-ші тур үздіктері анықталды

0
448
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Нұрлан ТҰРАПОВ (ДИиК МО РК)

Маусым басында өзге киперге сеніп қалып, ол үмітті ақтамаған соң қақпашысыз қалып қойған Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметі көп ойланған жоқ. Бірінші нөмірді Нұрлан Тұрапов лайықты киіп жүр. Құдды бір, «Қайраттағы» Игита іспетті бесінші ойыншының қызметін атқарып жүр. Тіпті, гол соғуды да ұмытпайды. «Qsport.kz» командасына қарсы кездесуде де Тұрапов өз құрамының үздігі болды.

Қорғаушылар – Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ (QAZSPORT) пен Елтай НҰРҒАЗИН (Elorda aqparat)

«Хабар 24» командасына қарсы кездесуде «QAZSPORT» капитаны Ермек Төрениязов бірнеше ерлігімен көзге түсті. Біріншіден, қорғаныс шебінде қарсыластарының шабуылдарын тұтанбай жатып сөндірумен айналысса, шабуылда үшінші голды соғып, командасына өте маңызды жеңісті сыйлады.

Ермектің қасында жұп ретінде Елтай Нұрғазин ойнаса, мұндай қорғаныстан тесік табу мүлдем мүмкін болмайтын шығар. «Аiqyn-Литерге» қарсы ойында да Елтайды айналып өту оңай болған жоқ. Тек қақпашының орнына бесінші ойыншы шығарамыз деп өздері қателесті. Әйтпесе, Нұрғазиннің сауатты ойыны қарсыластарын әбден састырған еді.

Шабуылшылар – Николай КРУЖАЛЬСКИЙ (ДИиК МО РК) мен Арлан ТҮЛКІБАЕВ (Қаламгер)

Мынадай қарқынмен Николай Кружальский маусымды үздік сұрмерген ретінде аяқтайтын шығар. Қолды-аяққа тұрмайтын шабуылшы «Qsport.kz» қақпасына да покер жасады.

Ал Арлан Түлкібаевты «Мазмұндама» ойыншылары әлі талай есіне алатыны анық. «Қаламгер» шабуылшысы бірінші голды да соқты және матчтың аяқталуына 15 секунд қалғанда таразы басын теңестіріп кетті.

Резерв:

Қақпашы – Қуат ШАЙСҰЛТАНОВ (QAZSPORT).

Қорғаушылар – Евгений АКМАНОВ (Қаламгер), Еркін ШӘКІР (Мазмұндама).

Шабуылшылар – Ғани НҮСІПОВ (ДИиК МО РК), Қуаныш САПАРБАЕВ (Aiqyn-Литер).

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here