”А” лигасы. Төртінші турдың таңдаулы құрамы түзілді

0
359
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Әнуар ҚҰРМАНБАЕВ (National Geographic Qazaqstan)

«Егемен Қазақстанға» қарсы ойында «National Geographic Qazaqstan» командасынан ешкім де ерлік күткен жоқ. Өйткені, бас газеттің «барымташылары» бұған дейін үш тур бойы ұпай жоғалтып көрмеген еді. Шабуылшылары да қақпа талғамайтын. Шамасы, оларға Әнуар Құрманбаев сынды тасқамал қақпашы жолықпай жүрген-ау. Әнуар бұл ойында бәрін қайтарды және Бимухамед Букеевпен қатар осы турдың үздік ойыншысы атағына лайық болды.

Қорғаушылар – Бимухамед БУКЕЕВ (Хабар) пен Бақытжан МАСАҚОВ (Qazaq radiolary)

Букеев бұған дейінгі турларға қатысқан жоқ. Биылғы біріншілікте бірінші рет алаңға шықты. Шыны керек, Бимухамед болмағанда «Хабардың» жағдайы оңай болмас та еді. Ал оның соңғы минуттардағы сейві «Эль-Классикодағы» Серхио Рамостың ерлігіне пара-пар. Егер Букеев алдағы ойындарға да үзбей қатысар болса, онда биыл «Хабарды» тоқтату қарсыластары үшін өте қиын болатын секілді.

«БАҚ классиконың» тағы бір қаһарманы ретінде Бақытжан Масақовты айтуға болатын шығар. Негізінен қорғаныс шебінде ойнап жүрген «Qazaq radiolary»-ның ойыншысын, құдды бір, Анхель Ди Мария ма дерсің. Қорғаныста да, шабуылда да үлгереді. Ал ұтылып жатқанда есепті теңестірген Масақов командасына тағы бір үміт сыйлады.

Шабуылшылар – Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа) пен Төреби НҰРЛАНОВ (Астана ТВ)

Бұған дейінгі үш турда бір-ақ рет тура соққысымен көзге түскен Құмарбек Азат өзінің командасын ақыры тапқан сияқты. «Kazaknews.kz»-ке қарсы ойында барынша көсілді. Аяған жоқ. Бес гол соқты. Сөйтті де сұрмергендер кестесінде бірден 6-шы орынға көтерілді.

Төреби Нұрлановты классикалық шабуылшы дей алмайсың. Тұтқиылдан тап беретін ойыншылардың санатынан. Дегенмен, «Спорт 59»-ға қарсы кездесуде Төреби қарсыластарының қателіктерін кәдесіне жақсы жарата білді. Дубль жасап, өз командасының жеңіске жетуіне зор еңбек сіңірді.

Резерв:

Қақпашы – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар).

Қорғаушылар – Әлібек ЕСКЕНДІРОВ (National Geographic Qazaqstan), Төлеубек ҚАДЫРМОЛЛА (Егемен Қазақстан).

Шабуылшылар – Наурызбек ЛЕСОВ (Kazaknews.kz), Нұрәлем ЖАЛҒАСҰЛЫ (National Geographic Qazaqstan).

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here