Трансферлік терезенің уақыты бекітілді

0
470
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Ұйымдастыру комитетінің шешімімен БАҚ лигада командалар өз құрамына өзгерісті 23 желтоқсаннан бастап жасай алады. Трансферлік терезе 2020 жылдың 15 қаңтары сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Трансферлік кезеңнің ережесі бойынша командалар өз сапына БАҚ саласының шығармашылық тобының өкілдерін, журналистика факультетінің студенттерін және журналистика факультетінің түлектерін қосуларына құқылы. Сондай-ақ, берешектеріне байланысты БАҚ лигадан шығып қалған командалардың ойыншыларын тек қарызын төлеп барып қоса алады.

Құрамына жаңа ойыншы қосқан командалардың жетекшілері Ұйымдастыру комитетіне мына құжаттарды өткізулері тиіс.

  • Бұрынғы командасынан рұқсатнама (егер ойыншы Журналистер лигасында басқа команданың сапында болса),
  • Өтініш қағазы (еркін түрде),
  • Жеке куәліктерінің көшірмесі,
  • Қызмет куәліктерінің көшірмесі 3х4 сурет (электрондық нұсқада),
  • Студенттік билет көшірмесі (студенттер үшін),
  • Студенттік сынақ кітапшасы (студенттер үшін),
  • Жұмыс орнынан анықтама (ҰК сұрауы бойынша),
  • Еңбек келісімшартының көшірмесі (ҰК сұрауы бойынша) – келісімшарт кемі үш ай бұрын жасалған болуы тиіс.
  • Зейнетақы қорынан анықтама (ҰК сұрауы бойынша)– соңғы үш айға.
  • Диплом көшірмесі (ҰК сұрауы бойынша)
  • Еңбек кітапшасының көшірмесі(ҰК сұрауы бойынша)
  • Трансферлік қағаз (Үлгісін БАҚ лига Ұйымдастырушыларынан сұрау қажет)

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here