Бұл осы турдың ғана емес, биылғы маусымның да орталық кездесуі болуы мүмкін. Өйткені, көпшіліктің пікірінше VII маусымның чемпиондығына бірден-бір үміткер осы екі ұжым. Осыған орай BAQ league инстаграм парақшасында «Қай команда жеңеді?» деген сұрақ бойынша сауалнама жүргізілген. Барлығы 856 респондент қатысты. Соның 454-і «Qazaq radiolary» жеңіске жетеді деп топшыласа, 402-сі «Хабардың» ұтысына бәс тіккен. Яғни, пайыздық көрсеткіш бойынша 53:47, – «Qazaq radiolary»-на сенетіндер басымырақ.
Естеріңізге сала кетейік, ойын 14 желтоқсан күні Назарбаев Университеттің Спорт кешенінде сағат 15:50-де басталады. Келем деушілерге есік ашық.
“А” лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:
БАҚ лиганың ресми суы – TURAN
БАҚ лига VII маусымының серіктестері:
«Halva» кафесі, Life football дүкені