Қақпашы – Берік ШӘПЕТОВ (Егемен Қазақстан)
Шыны керек, үздік қақпашыны таңдауда біраз қиналдық. Нақты ерекшеленген ешкім болған жоқ. Дегенмен Берік Шәпетовтің сейвтерін атап өтпеске болмайды. «Егемен Қазақстан» командасының кипері «Спорт 59»-ға қарсы ойында қақпасын біраз қауіптен құтқарып қана қойған жоқ, әріптестерін өте жақсы басқарып отырды.
Қорғаушылар – Шыңғыс ЕРҒАЛИЕВ (Хабар) пен Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ (Qazaq radiolary)
«Kazaknews.kz» командасына қарсы ойын «Хабар» үшін еш қиын болған жоқ. Матч тағдырын бірінші таймда-ақ шешіп тастап, құмарларын қандырғанша гол соқты. Әйтсе де, қорғанысқа жауап беріп, шабуылда да мергендігімен көзге түскен Шыңғыс Ерғалиевті ерекше атап өтуді жөн көрдік.
Басты бәсекелестеріне қарағанда «Qazaq radiolary»-ның ойыншысы әбден қара терге түсті. Матчтың екінші минутында-ақ қақпаларына гол жіберіп алғандықтан тайлы-тұяғымен шабуылда ойнауға мәжбүр болды. Ал қорғанысқа Назар Найзабекұлының жалғыз өзі жауап берді. Қорғаныста жүріп ассистентікті де жақсы атқарып, ойын соңында өзі де гол соқты.
Шабуылшылар – Бекболат КӘРІБАЙ (Егемен Қазақстан) мен Сәбит БАЙХОНОВ (Астана ТВ)
Бекболат Кәрібай үшінші турда «Спорт 59» қақпасына әдемілігі жөнінен бірінен бірі өтетін екі гол соқты. Ал оның қақпаның дәл тоғыздығынан табылған екінші добына қарсыластарының өзі бас шайқады.
«National Geographic Qazaqstan» командасына қарсы кездесу «Астана ТВ» үшін өте ауыр сынақ болды. Тағы да ұпай жоғалтудың алдында тұрды. Егер Сәбит Байхоновтың соңғы минуттағы жеңіс голы болмағанда онда вице-чемпиондар бір ұпайды ғана қанағат қылар еді. Айтпақшы, «Табиғат жыршыларының» қақпасына бірінші допты тоғытқан да осы Байхонов.
Резерв
Қақпашы – Мұхтар ТҰРТАЕВ (Qazaq radiolary),
Қорғаушылар – Ербол КЕНЖЕБАЕВ (Спорт 59), Төлеубек ҚАДЫРМОЛЛА (Егемен Қазақстан),
Шабуылшылар – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар), Елдос ӨМІРХАН (Qazaq radiolary).
«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.
БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:
БАҚ лиганың ресми суы – TURAN
БАҚ лига VII маусымының серіктестері:
«Halva» кафесі, Life football дүкені