Қақпашы – Қуат ШАЙСҰЛТАНОВ (QAZSPORT)
Өткен турда «QAZSPORT» Ратмир Әубәкір соққан хет-триктің арқасында жеңіске жетті дегенімізбен қақпашы Қуат Шайсұлтановтың да үлесі зор. Көз алдыңа немістің баяғы Оливер Канын елестетін голкипер біраз сейвтерімен есте қалып, қарсыластарының жойқын соққыларының барлығына төтеп беріп жатты.
Қорғаушылар – Аслан МЫҢБАЕВ (Хабар 24) пен Алмас ЗИЯТОВ (ДИиК МО РК)
«Мазмұндама» командасына қарсы ойында «Хабар 24» қорғаушысы Аслан Мыңбаев негізгі міндетін сауатты атқарып қана қойған жоқ, өз командасының шабуылдарын бастаумен де айналысып, нағыз лидерлік қабілетін көрете білді.
Биылғы жаңа есімі – Алмас Зиятов. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі командасында ойнайтын Алмас үшінші турда да үздік екендігін көрсетті. «Аiqyn-Литер» командасына қарсы өткен кездесуде Алмас әріптестеріне пас шығарумен ғана айналыспай, өзі де дубль авторы атанды. Ал қорғаныста одан өткен ешкім болмады.
Шабуылшылар – Бексаттар САТТАР (Elorda aqparat) мен Ратмир ӘУБӘКІР (QAZSPORT)
«В» лигасының орталық туры «Elorda aqparat» пен «Qsport.kz» командалары арасында өткен. Екеуінде де ойын алдында максималды ұпай болды. Сондықтан, бұл кездесуге назар ерекше еді. Ал ерек ойындардың тағдырын ерек ойыншылардың шешетіні тағы бар. Айта кетейік, «Elorda aqparat» сапында алты голдан соғатын Ернар Сатанов болған жоқ. Сондықтан, көшбасшылық тізгінді өз қолына Бексаттар Саттар алды. Төрт гол соның нәтижесі.
Ратмир Әубәкір өзінің хет-тригімен «QAZSPORT» командасына маусымдағы алғашқы жеңісті әперді. «Қаламгерге» қарсы кездесуде хет-трик авторы атанған Ратмир өз командасының ойынын үйлестіріп, әріптестерімен керемет тіл табыса білді. Егер маусымның барлық ойындарына қатысар болса, онда осы ойыншының арқасында «QAZSPORT» кемі үздік үштіктен көрінуі тиіс.
Резерв:
Қақпашы – Азамат НҰРМАТОВ (Elorda aqparat),
Қорғаушылар – Нұрахмет БЕКТҰРҒАНОВ (Хабар 24), Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ (QAZSPORT).
Шабуылшылар – Ғани НҮСІПОВ (ДИиК МО РК), Николай КРУЖАЛЬСКИЙ (ДИиК МО РК).
«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:
БАҚ лиганың ресми суы – TURAN
БАҚ лига VII маусымының серіктестері:
«Halva» кафесі, Life football дүкені