Үшінші турдың үздік ойыншылары анықталды

0
533
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

БАҚ лига Ұйымдастыру комитетінің ұйғарымы бойынша, «В» лигасы үшінші турыны «Үздік ойыншысы» болып «QAZSPORT» командасының шабуылшысы Ратмир Әубәкір танылды. Айта кетейік, өткен жексенбіде Ратмир «Қаламгер» командасының қақпасына хет-трик жасап, «QAZSPORT»-қа осы маусымның алғашқы жеңісін сыйлаған болатын. Ал матч Ратмир соққан голдардың арқасында 3:1 есебімен аяқталды. Айта кетейік, Ратмир HALVA кафесінің 3 000 теңгелік сертификатын жеңіп алды.

Ал «А» лигасының «Үздік ойыншысы» атағы кезекті рет «Егемен Қазақстан» командасының ойыншысына бұйырды. Бұл жолы Бекболат Кәрібай көзге түсті. «Спорт 59» командасына қарсы өткен кездесуде Бекболат қарсылас қақпасына дубль жасап, «егемендіктердің» жеңіске жетуіне сүбелі үлесін қосты. Оған HALVA кафесінің 5 000 теңгелік сертификаты табыс етіледі.

Отбасылық халал кафе санатына жататын HALVA елордамыздың оң жағалауындағы Күйші Дина көшесінде орналасқан. Мұнда сізді әуезді музыка, жайлы орындар мен сыпайы даяшылар күлімдеп қарсы алады. Түскі кешендік астар да қарастырылған. Ас мәзірі мен бағасы да көз қуантады. Сондай-ақ, бизнес өкілдері үшін ресми және бейресми келіссөздер жүргізуге де таптырмас орын. Бұдан бөлек, арнайы банкет залы да бар.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here