«А» лигасы. Үш көшбасшы, арасында «Астана ТВ» жоқ

0
324
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Осы жерде өткен маусымның қорытындысын тағы бір еске сала кетейік. Жазғы біріншілікте «Хабар» БАҚ лига чемпиондығын алтыншы рет рәсімдеп, екінші орынға «Астана ТВ» жайғасса, үздік үштікті «Qazaq radiolary» қорытындылаған болатын. Мұны неге еске алдық? Журналистер біріншілігінің маңайында жүрген көпшілік биыл да жүлделі орындарға осы үш ұжым таласады деп топшылаған болатын. Бірақ, арада үш тур өтті, үш көшбасшының арасында «Астана ТВ» жоқ.

Мұның себептері аз емес. Өткен маусымда Александр Олейниктің өте ауыр жарақат алып, саптан шығып қалғанын білеміз. Ернұр Досжанов та жазғы маусымнан кейін алаңға енді ғана шығып жатқан сияқты. Дегенмен, бәрінен де қақпашы Дмитрий Покидаевтың жарақаты командаға өте ауыр тиді.

– Дима, өкінішке қарай, кемі жарты жыл футбол ойнай алмайды. Ернұрдан да ешнәрсе талап ете алмаймын. Өйткені, өткен маусымның соңғы турындағы «Хабарға» қарсы ойында жарақат алып қалған ол үш ай бойы доп теппеген. Әлі бабында емес, уақыт керек, – деді бұл туралы команданың жетекшісі, әрі капитаны Адлет Құсайынов.

Әлбетте, әу баста аздап есеңгірегенімен Адлет Құсайынов бұл сынаққа да дайын еді. Алайда, күтпеген жерден тағы қиындыққа душар болды. «Астана ТВ» сапында үш маусым доп тепкен Ғани Нүсіпов өзі қызмет ететін мекеменің атынан жаңа ұжым құруына байланысты командадан кететінін мәлімдеді. Өзі ғана емес, қарамағындағы қызметкерлері Рүстем Смағұлов пен Николай Кружальскийді де алып кетті. Былтырғы «күміс» құрамының 90 пайызынан айрылған Адлетке түбегейлі жаңа команда құру қажет болды. Бірақ, іздеп тапқан ойыншылары әзірге үмітті ақтамай тұр.

Иә, құрамы қарымды. «Қазмедиадан» Қанат Такировты алдыртқан, «Ел арнадан» Төреби Нұрланов келді. Кезінде «Қазақстан» ұлттық арнасының құрамында атой салған Гайдар Искаков та БАҚ лигаға қайта оралып, «Астана ТВ» құрамында доп теуіп жүр. Жаңадан келген Сәбит Байхонов та допты әжептеуір тебеді екен. Покидаевтың орнын басқан жаңа қақпашы Алексей Ефименко да тәуір кипер көрінді. Дегенмен, неге екені белгісіз, ойындары жүрер емес. Көздерінде от жоқ. Команданың ең үздігі болып жүрген ойыншының кім екенін білесіз бе? 38 жастағы Адлет Құсайынов. Иә, бұл Адлет тарапына бағытталған комплимент секілді де көрінуі мүмкін. Солай екені де рас. Бірақ, лидерлік міндетті Адлет өзінен емес, басқалардан күтеді. Мұны бірінші кезекте Қанат Такиров, Ернұр Досжанов, Еркін Бектенов, Нұрмұхамед Байсүгіров және Төреби Нұрланов түсінуі керек. Ертең емес, дәл қазір.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

 

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here