«В» лигасы. Екі қошқардың басы бір қазанға сыя ма?

0
57

«Қандай команда?» дегенде алдымен есіңе алдымен «Хабар 24» түседі. Кеше Хасан Ташенов бастаған «Хабар 24» керемет камбэк жасап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. 0:2 есебімен ұтылып жатып, жеңісті жұлып алу дегеніңіз көп нәрседен хабар береді. Бұл команданың рухының биіктігін, тектілігін білдірсе керек. Яғни, көшбасшылардан үш ұпайға қалып бара жатқанымен маусым соңында қуып жеткені былай тұрсын, басып озуы да мүмкін деген сөз. Ал олардың кешегі қарсыласы «Мазмұндамаға» тәжірибе жетпей қалды. Иә, БАҚ лигаға қатысып жүргендеріне үш маусым болды. Бірақ, қанша дегенмен «Мазмұндама» енді ғана алдарына үлкен мақсат қойып келе жатқан ұжым. Ең бастысы, фавориттерге қарсы да қаймықпай ойнай алатынын дәлелдеді.

Көшбасшы екеуге «серік» бола алатын тағы бір команда бар. “Qsport.kz” командасын айтып тұрмыз. Алайда, спорттық сайттың серкелері маусымның басты фавориттері «Elorda aqparat»-пен кездесіп, 2:7 есебімен ойсырай ұтылды. Бірінші таймда-ақ қақпаларына жауапсыз үш гол жіберген олар екінші таймда еңселерін тіктегендей болған. Әйтсе де, Олжас Жақыпбек пен Ермұхамед Мәуленнің голдары алаңдағы жағдайды өзгерте алған жоқ. «Elorda aqparat» тізгінді бермеді. Жолындағысын жапыратындығын дәлелдеді. Ал “Qsport.kz”-ке әлі де болса, жүлделі орындарға ұмтылуға ертерек секілді. Бірақ, әлеуетін көрсетті. Егер келесі турда ДИиК МО РК командасына лайықты қарсылық көрсете алар болса, онда қола жүлдемен марапаттай беруге болатын шығар.

Дегенмен, «QAZSPORT» жігіттерін де тізімнен сызып тастауға болмайды. Рас, әзірге өз ойындарын әлі таппаған секілді. Әлі де шикілік бар. Кеше әйтеуір, әупірімдер «Қаламгерді» тізе бүктірді. Нүркен Тоқмурзин соққан голға Ратмир Әубәкір хет-трикпен жауап берді. Ал егер алаңда Ратмир болмағанда ше? Онда «QAZSPORT»-тың жағдайы қалай боларын болжау тіптен қиын. Сондықтан, жеңіске жеттік екен деп марқаюға әлі ертерек. Келесі турда оларды «Хабар 24» күтіп тұр. Міне, сол ойында жеңіске жете алар болса, сонда ғана бұл командаға биылғы маусымда үлкен үміттер артуға болады.

Ал турдың, турдың ғана емес, маусымның ең ірі есебі ДИиК МО РК мен «Aiqyn-Литер» арасындағы ойында тіркелді. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі «айқындықтардың» қақпасына 16 гол соқты. Сондықтан болар, «Aiqyn-Литер» шабуылшысы Рахат Тұяқбаев соққан гол ДИиК МО РК жігіттеріне шыбын шаққан құрлы әсер еткен жоқ. Қорытынды есеп – 16:1. Айтпақшы, бұл БАҚ лига тарихындағы ең ірі есеп емес. Үшінші маусымда «Хабар» командасы «Асыл арнаны» 17:1 есебімен ұтқан.

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Google search engine

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here