«А» лигасы. Турнир кестесі үшке бөлінді

0
302
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Алғаш болып алаңға «Егемен Қазақстан» мен «Спорт 59» командалары шықты. Негізі, деңгейі бір, терезесі тең командалар. Қос команданың құрамы да бір-біріне лайық, қарымды. Сондықтан, ойынның тартысты өтетіні әу бастан анық еді. Матч үмітті ақтады. Бастапқыда бір-бірін аңдысып ойнаған командалар уақыт өте келе қарқындарын күшейте берді. Ал есепті «егемендіктер» ашты. Бағдәулет Ерғалидің қақырата тепкен соққысынан кейін Ерсұлтан Кәріпбайға қол созуға да уақыт жетпей қалды. Ербол Кенжебаевтың голынан кейін таразы басы теңескен. Алайда, Бекболат Кәрібайдың дублі «егемендіктерді» қайта алға шығарды. Үзілістен кейін де командалар қарқындарын бәсеңдеткен жоқ. Әйтсе де, «Спорт 59» тыншымады. Есепті теңестіру қажет. Қақпашысын алып тастап, алаңға бесінші ойыншыны шығарды. Араларын бар болғаны бір-ақ гол бөліп тұр. Бір голды бірінші таймның соңында Данияр Бекжановтың көмегімен соғып алған. Бірақ, «Егемен Қазақстан» қорғаушылары да қателікке бой алдыруды ойламады. Құдды бір, үйлерінен «визуалды жастықтарын» ала келгендей, қорғанысқа жантайып жатып алды. Бірақ, триллер мұнымен аяқталмады. Мақсатына жетпей тынбайтын «Спорт 59» ойыншылары матчтың 38-ші минутында таблодағы көрсеткішті теңестіріп кетті. Гол соққан тағы да сол Данияр Бекжанов. Дегенмен, қуаныштары ұзаққа созылған жоқ. «Бәрі бітті, қос команда да бір ұпай еншіледі» дей берген кезде соңғы секундтарда Қолғанат Салин «Егемен Қазақстанның» үшінші голын соғып, жеңісті жұлып әперді.

«Қазмедиа» таңғалдырды. «Qazaq radiolary»-мен кездескен турнир кестесін Марғұлан Ибраев бастаған жігіттер 20 минут бойы қарсыластарының «екі аяғын бір етікке тығумен» болды. Алайда, ойын соңында өздері бір етікті ортақтасып, киюге мәжбүр болды. Жалпы, бәрі Құмарбек Азаттың голынан басталды. Екінші минутта жылдам гол жіберіп аламыз да «Qazaq radiolary»-ның жігіттері де ойламаған шығар, естерін бірден жия алмай, әжептеуір есеңгіреп қалды. Тек үзіліс көмектесті. Екінші таймға еңсе тіктеп шықты да, бірден таразы басын теңестіріп кетті. Гол соққан Жандос Манашев. Араға тағы бір минут салып Елдос Өмірхан «Қазмедиа» қақпасына екінші голды соқты. Ал «қазмедиалықтардың» қанша қарсыласқандарына қарамастан матч 5:2 есебімен аяқталды.

– «Егемен Қазақстанға» қарсы да, «Хабармен» болған ойында да жақсы ойнадық. «Qazaq radiolary»-ның да біраз жүйкесін жұқарттық. Ойындар күнкестесі бізді бірден қиын қарсыластарға тап қылды. Дегенмен, енді ұпай жинай бастаймыз. Ал маусымды үдік үштікте аяқтаймыз. Оған әлеуетіміз де, шамамыз да жетеді, – деді «Қазмедиа» командасының капитаты Марғұлан Ибраев.

Ал «Хабар» үшінші турда «Kazaknews.kz» тарапынан еш қарсылық көрген жоқ. Журналистер біріншілігіндегі дебютін өткен маусымда бастаған «Kazaknews.kz» БАҚ лиганың нағыз дәмін енді сезініп жатқан секілді. Иә, үш турда да ірі жеңіліске душар болды. Бірақ, жас команда үшін бұл үлкен тәжірибе. Иә, тәжірибе. Ал маусымды «Kazaknews.kz» 0 ұпаймен аяқтамауы тиіс. Ұпай алатын ойындары әлі алда. Сондықтан, «Хабармен» болған ойынды ұмытып, келесі кездесулерге көз тігулері керек.

Тур «National Geographic Qazaqstan» – «Астана ТВ» матчымен түйінделді. Иә, бұл да қатардағы қарапайым матчтардың бірі болады деп күтілген. Алайда, нағыз «Big drama show»-ды ұсынған тамаша тартысты ойын болды. 29-шы минутта Нұрәлем Жалғасұлы соққан голдан кейін таразы басы теңескен. Алайда, ойынның аяқталуына бір минут қалғанда «Табиғат жыршыларының» қорғаныстағы қателігін пайдаланған Сәбит Байхонов вице-чемпиондарға осы маусымның алғашқы үш ұпайын жұлып әперді. Қорытынды есеп – 3:2, «Астана ТВ» енді ғана қанат қақты.

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here