”В” лигасында екінші турдың “Таңдаулы құрамы” түзілді

0
445
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Қанат БАЗЫЛХАН (Мазмұндама)

Екінші турда қақпасын мықты қорғаған киперлер көп болды. Бірақ, Қанат Базылханға тоқталдық. Оның да өзіндік себебі бар. «Aiqyn-Литерге» қарсы ойында «Мазмұндаманың» жеңіске жетуінің басты себепкері болған қақпашы өзінің нағыз бабында екенін тағы бір дәлелдеді.

Қорғаушылар – Алмас ЗИЯТОВ (ДИиК МО РК) пен Жалын ТІЛЕУБЕРГЕН (Qsport.kz)

Екінші турдың орталық кездесуінде «Хабар 24» ойыншыларын тұсап ұстаған бірден-бір ойыншы – Алмас Зиятов. Оның дриблингтері мен доп ұстаудағы шеберлігі қарсыластарының әбден зығырданын қайнатып, ойын ережесін жиі бұзуға да соқтырып жатты. Ал өзі қорғанысты ғана ұстаған жоқ, алғы шепте де алғырлығын көрсетіп, дубль жасады.

Екі ойынның ішінде Жалын Тілеуберген «Qsport.kz» командасының негізгі қорғаушысына айналып үлгерді. Ал «QAZSPORT»-қа қарсы ойынын көрген болса, Вирджил Ван Дейктің өзі ұялғанынан үстіндегі «ливерпульдік» формасын шешіп берер еді. Расымен де, Жалынның жалындаған маусымы болып тұр. Бірақ, аққала сияқты жазғы маусымда еріп кетпесе болғаны.

Шабуылшылар – Ернар САТАНОВ (Elorda aqparat) пен Николай КРУЖАЛЬСКИЙ (ДИиК МО РК)

«Elorda aqparat»-тың жаңа шабуылшысын тоқтату мүмкін болмай тұр. «QAZSPORT» қақпасына алты гол соғуын сәйкестікке балағандар «Қаламгермен» болған ойыннан кейін сұрмергеннің расымен де шебер екендігін мойындауға мәжбүр болды. Қазір Ернар Сатанов екі турдан кейін 12 гол соғып, сұрмергендер көшін бастап тұр.

«А» лигасында әбден тәжірибе жинаған Николай Кружальский үшін «В» лигасы тарлық етіп жатқан сияқты. Маусымның басты фавориттерінің бірі саналатын «Хабар 24»-тің өзін қапы қалдырып, хет-триктің авторы атанды.

Резерв

Қақпашы – Райымбек ҚОЙШЫБЕКТЕГІ (Qsport.kz)

Қорғаушылар – Айхан ҒАЛЫМҰЛЫ (Elorda aqparat), Айғали ҚАДЫРОВ (ДИиК МО РК).

Шабуылшылар – Әлішер ӨМІРЗАҚ (Мазмұндама), Қуаныш САПАРБАЕВ (Aiqyn-Литер).

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here