”А” лигасы екінші турының таңдаулы құрамы жасалды

0
387
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Мұхтар ТҰРТАЕВ (Qazaq radiolary)

Шыны керек, «Kazaknews.kz»-ке қарсы ойында Мұхтар Тұртаевтың жұмысы аса көп те болған жоқ. Қарсылас шабуылшылары қорғаныстан ары өте алмай әлек болды. Дегенмен, Әбдіманап Кеңес пен Диас Балмағанбеттің соққыларына лайықты сейвтер жасап жатты. Ал Наурызбек Лесовты тіпті мысы басып, екі метр жерден қателестірді.

Қорғаушылар – Ербол КЕНЖЕБАЕВ (Спорт 59) пен Бекболат ӘБДІКЕРІМ (Егемен Қазақстан)

Әмбебап ойыншы Ербол Кенжебаевтың алаңда жүрмейтін жері жоқ. Доптың соңынан қуып, қорғаныста да, шабуылда да үлгеріп жатады. Ал оның алаң ортасынан қақпаға қақырата соққан голы журналистер арасында әлі жыр болуда.

«Астана ТВ» мен «Егемен Қазақстан» ойынын телеарна өкілдері өте керемет бастаған. Алайда, Бекболат Әбдікерім соққан голдан кейін таразы басы теңесіп, «егемендіктердің» еңсесі көтеріліп қалды. Бұдан бөлек, Бекболат тағы үш голдың авторы атанып, покер жасады. Сондай-ақ, өзінің тікелей міндетін де ұмытпай, қорғаныста өте сауатты ойнады.

Шабуылшылар – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар) мен Жандос МАНАШЕВ (Qazaq radiolary)

«Қазмедиаға» қарсы ойын «хабарлықтар» үшін әу баста оңай көрінгенімен іс жүзінде өте ауыр тиді. Қорғаныста өте сауатты ойнаған «А» лигасының дебютанттары алаңда қарсыластарының адымын аштырған жоқ. Егер Әлішер Келгенбайдың дублі болмағанда чемпиондардың жеңіліп қалуы да ғажап емес еді.

Жандос Манашев өз командасын енді таба бастаған секілді. Қазір «Qazaq radiolary»-ның негізгі шабуылшысына айналып үлгерді. «Kazaknews.kz»-ке қарсы өткен кездесуде өте белсенді болып, покердің авторы атанды.

Резерв

Қақпашы – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар).

Қорғаушылар – Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ (Qazaq radiolary), Ершат ҚОЖАТАЕВ (Қазмедиа).

Шабуылшылар – Бекзат САЙНАЗАР (National Geographic Qazaqstan), Құдайберген МАХАНБЕТӘЛІ (Спорт 59).

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here