БАҚ лига екінші турының үздік ойыншылары анықталды

0
315
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша, «В» лигасының үздігі болып ДИиК МО РК командасының қорғаушысы Алмас Зиятов танылды. «Сарбаз» газетінің тілшісі «Хабар 24»-ке қарсы ойында қорғаныста ғана тамаша ойнап қойған жоқ, шабуылда да мергендігімен көзге түсті. Көз ілеспес керемет дриблингтері де көрермендердің қошеметіне ие болып, қарсыласының қақпасына екі гол соқты. Айта кетейік, ДИиК МО РК мен «Хабар 24» командалары арасындағы ойын екінші турдың орталық кездесуі болатын. Алмас Зиятовтың дублі сонысымен де құнды. Оған БАҚ лига серіктесі HALVA кафесінің 3 000 теңгелік сертификаты табысталады.

Ал «А» лигасының үздігі болып «Егемен Қазақстан» командасының ойыншысы Бекболат Әбдікерім танылды. Ол екінші турдың орталық кездесуінде «Астана ТВ» қақпасына покер жасап, өз командасының жеңісіне сүбелі үлес қосты. Алдымен Ернұр Досжановтан допты тартып алып, қақпашыдан айласын асырған «Ұлағат news» газетінің беттеушісі бірінші таймда Еркін Бектеновтің де қателігін ұтымды пайдаланды. Сондай-ақ, алыстан қақырата гол да соқты. Оған HALVA кафесінің 5 000 теңгелік сертификаты табысталады.

Отбасылық халал кафе санатына жататын HALVA елордамыздың оң жағалауындағы Күйші Дина көшесінде орналасқан. Мұнда сізді әуезді музыка, жайлы орындар мен сыпайы даяшылар күлімдеп қарсы алады. Түскі кешендік астар да қарастырылған. Ас мәзірі мен бағасы да көз қуантады. Сондай-ақ, бизнес өкілдері үшін ресми және бейресми келіссөздер жүргізуге де таптырмас орын. Бұдан бөлек, арнайы банкет залы да бар.

HALVA кафесінің мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Күйші Дина көшесі, 13.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here