«В» лигасы. «Aiqyn-Литердің» айы қашан оңынан туады?

0
381
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Жексенбі күні «Aiqyn-Литер» БАҚ лигадағы 12-ші ойынын өткізді. Бұл жолы тең есеп қана емес, жеңістен де үміттері мол болған. Қарсыластары «Мазмұндама» Журналистер біріншілігінде біраз тәжірибе жинақтаған ас команда болғанымен биылғы маусым алдында құрамын 80 пайызға жаңартып, қайта жаңа ұжым жасақтаған. Алаңға жеңеміз деп шықты. Дәл осындай ой «мазмұндамалықтардың» да көкейінде жүргенін олар түсінбеген де болар. Терезесі тең ойында 3:4 есебімен жеңіліп қалғанда төбелерінен жай түскендей болғанын несін жасырамыз.

Әлқиссаға көшсек. «Aiqyn-Литер» Журналистер біріншілігіндегі дебютін 7 шілде күні өткізді. Содан бері 146 күн өтіпті. Бас-аяғы 12 ойын өткізген. Бәрінде жеңіліс. 12 ойында 32 гол соғып, қақпаларына 67 гол жіберіп алыпты. Жалпы, бәрінде жеңілді демесеңіз, гол айырмашылығындағы статистикасы жаман емес. Бірақ, бәрібір бір нәрсе жетіспей тұр. Ол – ұпай, ол – жеңіс. Алайда, бұйырмай тұрған нәрсені, болмай жатқан жағдайды қалай болдырмақсың?..  «Aiqyn-Литерге» жетіспей тұрғаны жеңіс қана. Бір ғана жеңіс. Бір жеңіс олардың бар тағдырын өзгертіп жіберуі мүмкін. Бастысы, рухын көтереді. Әйтпесе, команда құрамы осал емес. Қақпада Марк-Андре тер Штегеннің өзінен бір мысқал кем түспейтін Мадияр Қожабек бар. Оның қасындағы Сейіл Қожатай да керемет сейвтерімен жақсы серіктес бола білді. Қорғаныстағы Всеволод Хванның да қандай алғыр екенін бәріміз жақсы білеміз. Қуанышхан Сапарбаев, Абылайхан Жұмашев, Әлішер Мұқажан, Рахат Тұяқбаев сынды тепкен доптары кез келген қақпаның тоғыздығынан табылатын ойыншылары тағы бар. Биыл бұлардың қатарына Асқар Ағатаев, Серік Қоңырбаев сынды саңлақтарды қосыңыз. Амангелді Сейітханды айтпай отырмыз. Оның өзі бір төбе. Сондықтан, команда нашар деуден аулақпыз. Өздері де бұлай ойламағандары жөн. Тек бақ шаппай тұр. Жеңіс рухы жетпей жатыр. Бір жеңіс, бір ғана сәтті ойын оларды тастақ жолдан даңғыл жолға түсіруі әбден мүмкін. Алайда, келесі турда оларды ДИиК МО РК командасының күтіп тұрғаны еске түсіп, үнсіз ғана күрсінеміз.

Өзге командалар ше? «Qsport.kz» таңғалдырып жатыр. Алғашқы екі ойыннан кейін максимум ұпаймен көшбасшылар қатарынан нық орын алды. Осы жолы соңғы минутта пенальтиді мүлтіксіз орындап, «QAZSPORT» командасын 3:2 есебімен тізе бүктірді. «Elorda aqparat» 7:2 есебімен «Қаламгерді» ойсырата жеңді. Ал турдың орталық кездесуінде ДИиК МО РК мен «Хабар 24» кездесіп, Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі қарсыластарына еш мүмкіндік берместен 3 ұпайды қоржындарына тоғыта салды. Қорытынды есеп – 8:3.

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here